Қазығұрт аудандық Қоғамдық кеңес отырысының
ХАТТАМАСЫ №6
Қазығұрт ауылы 29.08.2023 ж
Қатысқан Қоғамдық кеңес мүшелері: Б.Абуов, А.Жылкыбаев, А.Сманов, Ж.Сабитов, Б.Серікбаев, Г.Каюпов, Ж.Сүйеубеков, Ж. Сәрсен, Д.Кулимов, А.Көшкінбай, Б.Махсутов,М. Ахметов.
Қатыспағандар: 4 адам.
Төрағалық етуші: А.Жылкыбаев.
Аудандық Қоғамдық кеңестің 2023 жылғы 29 тамыздағы отырысын Қоғамдық кеңестің төрағасы А.Жылкыбаев ашып, отырыс регламентін бекітіп алуды сұрады. Баяндамашыға – 25 минутқа дейін, жарыссөздерге – 5 минутқа дейін деп, регламент бекітілді.
Күн тәртібінде:
1) Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қазығұрт аудандық аумақтық инспекция есебі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарып жатқан жұмыстары жайлы есебі;
2) Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының «Ветеринарлық қызмет» ШЖҚ МКК Қазығұрт аудандық филиалы есебі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарып жатқан жұмыстары жайлы есебі;
3) Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің есебі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарып жатқан жұмыстары жайлы есебі;
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қазығұрт аудандық аумақтық инспекция басшысы Асет Бектаев баяндама жасады. Баяндама аяқталғаннан кейін сұрақ -жауап болды.
Қоғамдық кеңес мүшелері Б.Абуов, Ж.Сүйеубеков, А.Сманов, А.Жылқыбаев, Б.Махсутов Б.Серікбаевтар тарапынан Аудан аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзоотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғауды ұйымдастыру, ветеринариялық препараттарды және оларды сақтауды, тасымалдауды және пайдалануды жүзеге асыру, Кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союды ұйымдастыру, Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын, қойылатын талаптарды сақтау, Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою, жануарларды тіркеуден өткізу, мал бордақылау, базарлардың санитарлық талаптарға сай келуі, ауылдардағы қоқыс шұңқырларының бекітілуі, Беккере шұңқырын салу, мал тоғытатын бекет салу т.б мәселелерді көтеріп, сұрақтар қойып, ұсыныстарын айтты. Ол сұрақтарға инспекция басшысы Асет Бектаев жан-жақты жауап берді.
А.Жылқыбаев: Сұрақ-жауап тоқтатылсын деген ұсыныс түсіп отыр. Ұсынысты дауысқа қоямын. Қарсы, қалыс жоқ. Сұрақ-жауап тоқтатылды. Құрметті кеңес мүшелері аудандық аумақтық инспекция басшысы Асет Бектаевтың есебіне баға қоюымыз керек. Қанағаттанарлық деген баға қою туралы ұсыныс түсіп отыр. Ұсынысты дауысқа қоямын. Қанағаттанарлық баға берілсін деген кеңес мүшелерін дауыс беруін сұраймын. Түсіріңіздер. Қарсы, қалыс жоқ. Қабылданды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша баяндама жасау үшін сөз Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының «Ветеринарлық қызмет» ШЖҚ МКК Қазығұрт аудандық филиалы басшысы Асқар Сабденовке берілді. Баяндама аяқталғаннан кейін сұрақ- жауап болды.
Қоғамдық кеңес мүшелері Б.Абуов, Ж.Сүйеубеков, А.Сманов, А.Жылқыбаев, Б.Серікбаевт, Б.Махсутовтар тарапынан Орталыққа ғимарат қажеттілігі, Қазығұрт ауданына қарасты 13 ауыл округтеріндегі мал дәрігерлік бекеттерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу,барлық ауыл октугтеріне мал тоғыту ванналары керектігін, Шарбұлақ, Қарабау, Қазығұрт ауыл округтеріне Беккери шұңқырын салу қажеттігі , Қазығұрт ауданына қарасты ауыл округтермен елді мекендерді интернет желісімен қамтамасыз ету, иттерді оқшаулар алаңы, Беккери шұңқырларына күзетші қажеттігі төңірегінде сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді.
Мекеме басшысы Асқар Сабденов сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.
* Филиалда «Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының мақсаты мен негізгі принциптеріне, сыбайлас жемқорлықпен күресті барынша күшейту туралы және жемқорлықтың пайда болу себептеріне көбірек назар аударып, алдын алу жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуге күш салынуда. Атап айтқанда:
Кеңесті жүргізіп отырған Қоғамдық кеңес төрағасы А.Жылкыбаев күн тәртібіндегі бұл мәселе бойынша қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берілгенін тілге тиек етіп, қанағаттанарлық деп қорытынды беруді сұрады. Қоғамдық кеңес мүшелері бір ауыздан бұл ұсынысты қолдап, Асқар Сабденовтің баяндамасына қанағаттанарлық деп қорытынды берілді.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша, Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Төкенов Төрехан баяндама жасады. Баяндама аяқталғаннан кейін сұрақ -жауап болды.
Қоғамдық кеңестің мүшелері Б.Махсутов, Г.Каюпов, Б.Серикбаев, Д.Кулимов, Б.Абуов, А.Сманов, А.Жылкыбаевтар Шанақ және Жігерген ауыл округіндегі 200 орынды мәдениет үйлерінің ішкі әрлеу және абаттандыру жұмыстары, Қазығұрт е/м 500 орындық мәдениет үйі құрылысы, Қазығұрт е/м, "Шығыс" мөлтек ауданының 250 га аумағына инженерлік коммуникация жүйелерінің құрылысы, Қазығұрт елді мекені, "Шығыс" мөлтек ауданы 80 га аумағына электр жүйесін тарту құрылысы, Қ.Әбдалиев ауылдық округі, Рабат елді мекенінен «П.Тәжібаев атындағы» 200 орындық мектеп құрылысы, - Қақпақ а.о, Сырлысай е.м 200 орындық мектеп құрылысы, Қ.Әбдәлиев а/о, Амангелді е/м "Амангелді" жалпы орта мектебіне қосымша құрылыс 150 орындық мектеп, асхана, шеберхана, және спортзал, Қызылқия ауыл округі, Атажұрт (Айнатас) елді мекенінен 100 орындық «Айнатас» атындағы негізгі орта мектебінің құрылысы, Жаңабазар а/о, Жаңаталап е/м ,Қақпақ а/о, Қақпақ е/м, Қызылқия а/о, Ынталы е/м фельдшерлік-акушерлік пункт құрылысы, Қазығұрт е/м мұражай құрылысы төңірегінде сұрақтар қойылып, жауап берілді. Мәселелер жан-жақты талқыланып біткеннен соң кеңес төрағасы қанағаттанарлық баға беруді ұсынды. Қоғамдық кеңес мүшелері бірауыздан ұсынысты қолдап, дауыс берді.
Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқылана келе, Қазығұрт аудандық Қоғамдық кеңесі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1)Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қазығұрт аудандық аумақтық инспекция есебіне және сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарып жатқан жұмыстары жайлы баяндамасына қанағаттанарлық деген баға берілсін;
2) Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының «Ветеринарлық қызмет» ШЖҚ МКК Қазығұрт аудандық филиалы есебіне және сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарып жатқан жұмыстары жайлы баяндамасына қанағаттанарлық деген баға берілсін;
3) Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің есебі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарып жатқан жұмыстары жайлы баяндамасына қанағаттанарлық деген баға берілсін;
Аудандық Қоғамдық кеңес
төрағасы: А.Жылкыбаев
Аудандық Қоғамдық кеңес
хатшысы: Ж.Әблахан