Қазығұрт аудандық Қоғамдық кеңес отырысының ХАТТАМАСЫ №5

Қазығұрт аудандық Қоғамдық кеңес отырысының

ХАТТАМАСЫ №5

 

Қазығұрт ауылы                                                                27.07.2023 ж

 

Қатысқан Қоғамдық кеңес мүшелері: Б.Абуов, А.Жылкыбаев,  А.Сманов, Ж.Сабитов, Б.Серікбаев, Г.Каюпов, Б.Ысмайыл, Ж.Сүйеубеков, Ж. Сәрсен, Д.Кулимов, А.Көшкінбай, Б.Махсутов, А. Молдасапаров, Р.Айтубаев.

 

Қатыспағандар: 2 адам.

 

Төрағалық етуші: А.Жылкыбаев.

 

Аудандық Қоғамдық кеңестің 2023  жылғы 27 шілдедегі отырысын төраға А.Жылкыбаев ашып, қоғамдық кеңеcтің күн тәртібінде бір ғана мәселе - Қазығұрт аудан әкімінің 2023 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы есебі, - екендігін айтып, отырыс регламентін бекітіп алуды сұрады.  Баяндамашыға – 25 минутқа дейін, жарыссөздерге – 5 минутқа дейін деп регламент бекітілді.

Күн тәртібінде:

  1. Қазығұрт аудан әкімі Азизхан Әзімханұлының 2023 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары мен алға қойған жоспары жайлы есебі.

 

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша, аудан әкімі Азизхан Әзімханұлы баяндама жасады. Баяндама бойынша кеңес мүшелері тарапынан бірнеше сұрақтар мен ұсыныстар болып өтті. Жарыссөзге бірнеше Қоғамдық кеңес мүшесі шықты. Атап айтсақ:

 

Ж.Сүйеубеков: Құрметті әріптестер бүгін аудан әкімінің кезекті есебін тыңдап отырмыз. Өздеріңіз білетіндей істелініп жатқан жұмыстарын көріп жүрсіздер. 6 ай ішінде атқарып жатқан жұмыстарын қарасақ, көп жұмыстар атқарылып жатқанын білеміз. Ең бастысы 6 ай көлемінде елді-мекен тұрғындарымен кездесіп, танысуы. Елді- мекендерде қандай мәселелер бар екендігіне көз жеткізді. Мен өзім риза болдым. Қаншама аудан әкімдері бармаған жерге барып көрді. Қоғамдық қабылдаулар жасап, барлығының мәселелерін тыңдап жатыр. Мәселелер жетерлік. Бірақ барлығы қаржыға қарайды. Ең өзекті мәселелердің бірі тұрғын үй  беру мәселесі. Мөлтек аудан, үлкен құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Екінші ауыз су мәселесі, бұл жерде де қозғау салып жатырсыз. Өгемдегі су қолға алынып, мәселе шешіліп жатыр. Алғы шарттары жасалынып жатыр. Бұл да үлкен жұмыс. Жалпы есебіңізге қанағаттанарлық деген баға береміз.

        Б.Абуов: Бүгінгі жасалған баяндамада барлығы толық қамтылған, өте жақсы жасалынған. Медицина саласы бойынша сұрағым бар. 2024-25 жылдарға әр ауданға бір больница салу жоспарланып жатыр. Бізде Көкібел мен Жігергенде осы мәселе ақсап отыр. Жаңабазарда ғимарат бар. Ремонт жасалып жатыр. Екі ауыл әкімшілігіне бір больница болса жетеді.

А.Исмаилов: Ол жерге дәрігерлік амбулатория салу керек.

Б.Төреханов: Қазір ауданда орталық аурухананың бөлімшелері бар. Жаңабазарда, Сенбіде,Тұрбатта бар. Ғимараттар санитарлық талаптарға сәйкес келмейді. Ол бөлімшелерді қамтамасыз етудің өзі бізге шығын болып отыр. Келешекте бұл стационарларды жапсақ деп отырмыз. Есесіне күндізгі стационарлар төсектерін көбейте аламыз. Себебі ол жерде мамандардың тапшылығы, лабораториямен қамтамасыз етілмеген.  Көп қаржыны талап етеді.

Б.Абуов: Аудандағы жеке меншік клиникаларды ауылдарға тарту керек.

Б.Төреханов: Қаржыландыру жағынан қийындықтар туындайды. Жеке клиникаларда енді 10 мың халық тіркелуі керек деген қаулы күшіне енсе, клиникалар да жұмысын жалғастырмауы мүмкін.

Б.Абуов: Сосын, жайылым мәселесі мен суармалы жер мәселесін шешу керек. Аудан орталықтарында, елді мекендердегі пешеходтарды жаңаласаңыздар. Мектептерде көше жарықтарын жасау керек.  Сөз соңында айтарым,  есебіңізге қанағаттанарлық деген баға береміз.

Р.Айтубаев: Саламатсыздар ма әріптестер. Бүгін аудан әкімінің 6 айда атқарып жатқан есебін қарап жатырмыз. Осы сәтті пайдаланып, халықтың айтып жатқан мәселелерін айтып өтейін. Осыған дейін көптеген мекемелердің есептерін қарап жатырмыз. АСП-ы жөнінде айтылды. Тұрмысы нашар адамдарға АСП беру жөнінде. Сол көмек нағыз мұқтаждарға беріліп жатыр ма? Халықтың көбісі осыны айтып жатыр. Көпшілігі алып та жатқан жоқ. Осы мәселені қадағаласаңыз. Екінші мәселе ауыз су. Өгемдегі су 2-3 жылдың көлемінде келер. Бірақ дәл қазір ауылда сусыз отырған үйлер бар. Мысалыға Абай көшесінің тұрғындары маған арыз жазып келіпті. Жаз басталғалы ауыз су жоқ екен. Күніне 2-3 сағат қана ағады екен. «Таза су» мекемесіне айтылған. Бірақ ешқандай өзгеріс жоқ. Осы мәселенің шешілуіне ықпал жасасаңыздар. Ауданда қоғамдық көлік жүргіздіңіздер. Көптен бері айтылып жатқан еді. Бірақ сол қоғамдық көліктерге, қоғамдық аялдамалар жоқ. Оның өзі көліктерге, халыққа кедергі. Аялдама салғанға дейін, пешеходтар, жол белгілерін қойсаңыздар.

 

Келесі сұрақ-жауап кезеңінде кеңес мүшелері А.Жылқыбаев, Ж.Сәрсен, А.Сманов, Г.Каюпов, Б. Серікбаев, А.Молдасапаровтар ауыл шаруашылығы, ауыз су мәселесі, көше жарығы, спорт кешенін салу, елді мекендердің мазараты жөнінде, Айнатас елді мекеніндегі жайылым жерінің гос актісі туралы, жол белгілерін қою, жедел жәрдем қызметін ауданға қайтару, жастардың жұмыспен қамтылуы, жұмыссыздықты жою, қоқыстар мен қоқыс тастайтын полигондар, ағын су мәселесі, Қазығұрт каналынан елді мекен ішіне су тарту, аудандағы үш ауысымды мектеп туралы сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды. Бұл ұсыныстарды аудан әкімі ескерілетінін айтып, жауап толыққанды және жан-жақты жауап берді.

Қоғамдық кеңес мүшесі А. Сманов тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы қандай жұмыстар атқарылып жатқандығы туралы сұрақ қойылды.

Аудан әкімі Азизхан Исмаилов сыбайлас жемқорлыққа қарсы жасалынып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

Жыл басынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша аудандық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың тізімі, бағыты және өткізілетін кезеңі бекітіліп, ағымдағы жылдың 1-2 тоқсанында Шанақ, Сарапхана ауылдық округі әкімі аппартына ішкі талду жүргізілген. Нәтижесімен жауапты маманының тәртіптік жауапкершілгі қаралды.  

Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша БАҚ-та «Қазығұрт тынысы» және «Киелі Қазығұрт» ақпараттық танымдық газетінде 66 мақала жарияланды және 2023 жылға құқық бұзушылық фактілері орын алмағандығын айтты.

Барша сөз алған кеңес мүшелері аудан әкімінің жауабына ризалығын білдіріп, жасаған істері жайлы есебіне қанағаттанарлық баға беруді ұсынды.

Қоғамдық кеңес отырысын жүргізіп жатқан төраға А.Жылкыбаев, ұсынысты дауысқа қойып, барша Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан бір ауыздан қолдау тауып, күн тәртібіндегі мәселе, яғни, аудан әкімі Азизхан Исмаиловтың берген есебіне «қанағаттанарлық» деген баға берді.

 

 

Күн тәртібіндегі мәселе жан-жақты талқылана келе, Қазығұрт аудандық Қоғамдық кеңесі шешім етеді:

 

1)Қазығұрт аудан әкімі Азизхан Исмаиловтың 2023 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары мен алға қойған жоспары жайлы есебі қанағаттанарлық деп танылсын;

2)Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан айтылған сын ескертпелер ескеріліп, жұмыс жүргізілсін;

3)Қоғамдық кеңес мүшелері ұсынған барша ұсыныстар ескерілсін.

 

Аудандық Қоғамдық кеңес

төрағасы:                                                               А.Жылкыбаев

 

 

Аудандық Қоғамдық кеңес

хатшысы:                                                              Ж.Әблахан

 

 

Қазығұрт аудандық Қоғамдық кеңес отырысының ХАТТАМАСЫ №5
Дата публикации
14 августа 2023