Түркістан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2019 жылғы 22 қарашадағы № 51/315-VI «Қазығұрт ауданы бойынша тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбiн айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

          Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1.   Түркістан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының «Қазығұрт ауданы бойынша тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбiн айқындау туралы» 2019 жылғы 22 қарашадағы № 51/315-VI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5265 болып тiркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:   

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының                1 тармағының 15) тармақшасына, «Тұрғын үй қатынастары туралы»                       Қазақстан Республикасының Заңының 97 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекiтiлген Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiне, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 14 сәуiрдегi № 512 қаулысымен бекiтiлген Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң ережесiне сәйкес, Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШТІ:»;

көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес  жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Т. Калымбетов

Түркістан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2019 жылғы 22 қарашадағы № 51/315-VI «Қазығұрт ауданы бойынша тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбiн айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
02 июня 2023