Қазығұрт аудандық
мәслихатының Регламентін
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабының 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Қазығұрт аудандық мәслихатының Регламенті осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Қазығұрт аудандық мәслихатының 2022 жылғы 04 наурыздағы «Қазығұрт аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» №22/98-VІІ шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім 2023 жылдың 01 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
төрағасы У.Копеев