«Қазығұрт аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

Қазығұрт аудандық мәслихатының

2001 жылғы 6 сәуірдегі  «Қазығұрт

аудандық  мәслихат аппараты

«Мемлекеттік мекемесін құру туралы»

№10/6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

     

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағыҚазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі  «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» №590 қаулысына сәйкес, Қазығұрт аудандық  мәслихаты ШЕШІМ  ҚАБЫЛДАДЫ:

Қазығұрт аудандық мәслихатының 2001 жылғы 6 сәуірдегі  «Қазығұрт аудандық мәслихат аппараты «Мемлекеттік мекемесін құру туралы» №10/6 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1.  4 тармақ осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қазығұрт аудандық мәслихат аппаратының басшысына жүктелсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі. 

 

 

        Аудандық

        мәслихат төрағасы                                 Т.Калымбетов                                             

«Қазығұрт аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
Дата публикации
20 октября 2026