Қазығұрт аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №36/202-VIIІ «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазығұрт аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы    №36/202-VIIІ «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қазығұрт аудандық мәслихатының «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №36/202-VIIІ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №219781 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Қазығұрт ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кiрiстер – 10 774 416 мың теңге:

салықтық түсiмдер – 6 390 020 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер – 42 728 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 782 510 мың теңге;

трансферттер түсiмi – 3 559 158 мың теңге;

2) шығындар – 10 848 857 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 286 627 мың теңге;

бюджеттік кредиттер – 475 750 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 189 123 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0:

қаржы активтерін сатып алу – 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 361 068 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –         361 068 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 475 750 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 665 965 мың теңге;

          бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 551 283 мың теңге.

  1. Аудан әкімдігінің 2026 жылға арналған резерві – 26 484 мың теңге көлемінде бекітілсін.

көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілсін.

 

 

         Аудандық мәслихат

         төрағасы                                                                       Т.Калымбетов

Қазығұрт аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №36/202-VIIІ «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
30 июля 2026