Қазығұрт аудандық мәслихатының ШЕШІМІ:
14 мамыр 2026 жыл №41/245-VІІІ
Қазығұрт аудандық мәслихатының
2023 жылғы 27 желтоқсандағы «Қазығұрт
ауданындағы учаскелік сайлау
комиссияларының мүшелерін сайлау
туралы» №10/63-VІІІ шешіміне
өзгерістер енгізу туралы.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 7-1 тармақшасына сәйкес Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Қазығұрт ауданындағы төмендегі учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері сайлансын:
№263 учаскелік сайлау комиссиясы
(«Қаржан» ауылы, Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Қаржан» жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, С.Дүйсебеков көшесі №11).
1) Артыкбаев Нурлыбек Баратович – Қаржан ЖББМ мұғалімі, «Аманат» партиясының өкілі.
№275 учаскелік сайлау комиссиясы
(Жігерген ауылы, Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Абай» атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Т.Мырзабеков көшесі №11).
2) Кулмырзаев Мейржан Кайратович – Абай ЖББМ директорының орынбасары, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының өкілі.
№281 учаскелік сайлау комиссиясы
(Қазығұрт ауылы, Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Қалаубек Тұрсынқұлов» атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қ.Абдалиев көшесі №76).
3) Қазбеков Бағдат Салаватұлы – аудандық оқушылар сарайы директорының орынбасары, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының өкілі.
№284 учаскелік сайлау комиссиясы
(Қазығұрт ауылы, Қазығұрт ауданының білім бөлімінің «Е.Тасанбаев» атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Телемұнара көшесі №53).
4) Кушербаев Самат Асанбаевич – Е.Тасанбаев ЖББМ мұғалімі, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының өкілі.
№288 учаскелік сайлау комиссиясы
(Қақпақ ауылы, «Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына қарасты «Қақпақ» ауылдық мәдениет үйі, Қазыбек би көшесі №5)
5) Канжигитова Маржан Уалихановна – Қақпақ ауылдық поштасы хат тасымалдаушысы, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының өкілі.
№289 учаскелік сайлау комиссиясы
(Қақпақ ауылы, Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Қақпақ» жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Абай көшесі 70А).
6) Сарсенов Батыр Бакирханович – «Қақпақ» жалпы білім беретін мектебі директоры орынбасары, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының өкілі.
7) Анарбай Айдос Қайырғалиұлы – Қазығұрт орталық ауруханасының әлеуметтік қызметкері, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының өкілі.
№290 учаскелік сайлау комиссиясы
(Сынтас ауылы, Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Жамбыл атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Е.Сарыпбеков көшесі №46).
8) Кенжеева Малика Серикбаевна – Жастар ресурстық орталығының әдіскері, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының өкілі.
№ 291 учаскелік сайлау комиссиясы
(Жұмысшы ауылы, Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «А.Оразбаева атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, М.Құрымбаев көшесі №46 ).
9) Калдыбаев Канат Турсыналиевич – А.Оразбаева атындағы ЖББМ директоры, «Аманат» партиясының өкілі.
№294 учаскелік сайлау комиссиясы
(Айнатас ауылы, Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Б.Момышұлы» атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Жібек жолы көшесі №7а ).
10) Алишева Акмарал Ералиевна – Б.Момышұлы атындағы ЖББМ директоры орынбасары, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының өкілі.
№296 учаскелік сайлау комиссиясы
(Қызылсеңгір ауылы, Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Қызылсенгір» жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Н.Машақұлы көшесі №20).
11) Джанджигитов Жаныбек Ибрагимович – Қызылсеңгір ЖББМ кіші қызметкері, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының өкілі.
12) Оразхан Жасулан – «Қызылсеңгір» ЖББМ директоры, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының өкілі.
№298 учаскелік сайлау комиссиясы
(Рабат ауылы, «Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына қарасты Рабат ауылдық мәдениет үйі, Жамбыл көшесі №10)
13) Жаншуақ Нұржан Әбдімүсілімұлы – Рабат ауылдық мәдениет үйінің әдіскері, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының өкілі.
№302 учаскелік сайлау комиссиясы
(Атбұлақ ауылы, Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Атбұлақ» жанында интернаты бар жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Ж.Қаппаров көшесі №15).
14) Жайлаубаев Нургали Мусирович – Атбұлақ ЖББМ жанындағы интернат директоры, «Аманат» партиясының өкілі.
15) Жұман Ақгүл Нұрмаханқызы – Ж.Қаппаров атындағы №5 дарын мектебінің тәрбиешісі, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының өкілі.
16) Нұрсейіт Мадияр Ералханұлы – жұмыссыз, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының өкілі.
№312 учаскелік сайлау комиссиясы
(Ақжар ауылы, Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Ақжар» жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қ.Құдайбергенов көшесі №25)
17) Салыбаев Батыржан Аширханович – жеке кәсіпкер, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының өкілі.
№317 учаскелік сайлау комиссиясы
(Майлыошақ ауылы, Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Келешек көшесі №9).
18) Нысанбай Кенжалы Шыршықбайұлы – аудандық оқушылар сарайының мұғалімі, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының өкілі.
Аудандық мәслихат
төрағасы Т.Калымбетов