Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Мәслихат сессиясы

Аудандық мәслихат қызметінің негізгі нысаны сессия болып табылады, онда Қазақстан Республикасының заңдарымен оның қарауына жатқызылған мәселелер шешіледі.

Егер аудандық мәслихаттың сессиясына аудандық мәслихат депутаттарының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, оның құқықтық күші бар болады. Сессия аудандық мәслихаттың техникалық мүмкіндіктері ескеріліп, интернет-ресурстарда онлайн-трансляция ұйымдастырыла отырып жалпы отырыстар нысанында өткізіледі.

Сессияның жұмысында аудандық мәслихаттың шешімі бойынша аудандық мәслихат белгілеген, бірақ күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімге үзіліс жасалуы мүмкін. Сессияның ұзақтығын аудандық мәслихат айқындайды.

Аудандық мәслихаттың әрбір отырысының алдында қатысып отырған депутаттарды тіркеу жүргізіледі, оның нәтижелерін аудандық мәслихат төрағасы отырыс басталардан бұрын жария етеді.

Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы аудандық мәслихаттың бірінші сессиясын ашады және оны аудандық мәслихат төрағасы  сайланғанға дейін жүргізеді.

Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы аудандық мәслихат төрағасының шешімімен жылына төрт реттен сиретпей шақырылады және оны аудандық мәслихат төрағасы жүргізеді.

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясын аудандық мәслихат төрағасы осы мәслихатқа сайланған депутаттар санының кемінде үштен бірінің ұсынысы бойынша, сондай-ақ Қазығұрт ауданы әкімінің ұсынысы бойынша шақырады және жүргізеді.

Кезектен тыс сессияны өткізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей кезектен тыс сессия шақырылады. Кезектен тыс сессияда оны шақыруға негіз болған мәселелер ғана қаралады.

Аудандық мәслихат төрағасы аудандық мәслихат сессиясын шақыру уақыты мен оның өткізілетін орны, сондай-ақ сессияның қарауына енгізілетін мәселелер туралы көрсетілген ақпаратты аудандық мәслихаттың ресми интернет-ресурсында орналастыру арқылы депутаттарды, халықты, әкімді хабардар етеді.

Ақпарат аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында сессияға дейін кемінде он күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда – кемінде үш күн бұрын орналастырылуға тиіс.

Аудандық мәслихат төрағасы сессияның қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды депутаттарға және аудан әкіміне сессияға дейін кемінде бес күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда кемінде үш күн бұрын қағаз немесе электрондық түрде ұсынады.

Документы
Шешім
01 марта 2023
Түркістан облысы Қазығұрт ауданы маслихат аппараты
Қазығұрт аудандық мәслихатының жетінші шақырылымдағы сессияларда қаралған мәселелердің ТІЗБЕСІ:
Шешім
01 марта 2023
Түркістан облысы Қазығұрт ауданы маслихат аппараты
Қазығұрт аудандық мәслихатының алтыншы шақырылымындағы сессияларда қаралған мәселелердің ТІЗБЕСІ:
Шешім
01 марта 2023
Түркістан облысы Қазығұрт ауданы маслихат аппараты
Қазығұрт аудандық мәслихаттың бесінші шақырылымындағы сессияларда қабылданған шешімдердің ТІЗБЕСІ
Новости
Полезные материалы
Мәслихат сессиясы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы