Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы
Ғ.Сарсенбаевтың
баяндамасы
Сегізінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатына барлығы 18 депутат сайланған. (2слайд )
Оның ішінде:
Әйел – 1.
Ерлер -17
Оның ішінде:
Қалалық мәслихатта 4 тұрақты комиссия жұмыс істейді.
(4 слайд)
Жалпы, елдің алдында тұрған әлеуметтік-экономикалық міндеттерді орындауға ықпал етуде мәслихат маңызды рөл атқарады. Осы бағытта:
Түркістан қалалық мәслихатында «Amanat» партиясының
16 депутатын біріктіретін фракция тіркелген. Жетекшісі - Мұсабек Құлбатыр Базарбайұлы. (9 слайд)
Есепті мерзімде 3 фракция отырысы өткізіліп, 5 мәселе қаралды. Сонымен қатар мәслихат депутаттары “Amanat” партиясының жанынан құрылған Партиялық бақылау комиссиясының 3 отырысына қатысты.
4 маңызды сала бойынша жүйелі талдау жасалды.
Жалпы тиісті салаларға 10-нан аса ұсыныс хат жолданды.
(10 слайд)
Депутаттар біліктілігі мен тәжірибесіне қарай ел өміріндегі өзекті мәселелердің шешілуіне атсалысып, қаладағы көпшілік, қоғамдық, мәдени-спорттық іс-шараларда белсенді жұмыс істеуде және ол туралы арнайы ресми парақшаларымызда, әлеуметтік желілердегі депутаттардың жеке парақшаларында 1805-ге жуық мәлімет жарияланды.
(11 слайд) 2025 жылы өткізілген сессиялар туралы мәліметке тоқтала кетейін:
Қалалық мәслихатта 7 сессия өтті.
Тұрақты комиссиялардың 22 отырысы өтті.
Қаралған мәселелер бойынша 38 шешім қабылданды.
Қабылданған шешімдер 20
Жалпы қабылданған нормативтік құқықтық акті 7
Бюджетке қатысты 3 шешім қабылданған.
Қабылданған шешімдерде қаланың негізгі әлеуметтік- экономикалық көрсеткіштерінің қарқынын қамтамасыз ету, әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, шағын және кіші кәсіпкерлікті қолдау, коммуналдық шаруашылық, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын-алу бағыттары қамтылып отырды.
Мәслихат депутаттары бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері тарапынан шығындарды жоспарлау барысында сайлауалды бағдарламаларында көрсетілген мәселелерге басымдық бере отырып, абаттандыру, инфрақұрылымды жетілдіру, тұрғын үйлердің ахуалы, тазалық, ауызсу, әлеуметтік қолдау, жолдардың сапасына қатысты мәселелерді назардан тыс қалдырмай басшылыққа алуды үнемі бақылауда ұстауда.
Сонымен қатар сессияға қатысты мәселелерден бөлек тұрақты комиссиялардың отырыстарында салаларға қатысты мәселелер қаралып келді.
(12 слайд) Түркістан қалалық мәслихат депутаттары бекітілген кестеге сайкес, қаламызда орналасқан 6 сектор тұрғындарымен 2025 жылы
18 кездесу өткізген. Атап өтетін болсақ:
(13 слайд)
(14 слайд) Мәслихат депутаттарының 2025 жылы өткізген қоғамдық қабылдауларына тоқталып өтейін, онда жалпы;
Жеке қабылдаулар мен кездесулерде көтерілген мәселелер бойынша құзіретті органдарға шаралар қабылдау үшін тиісті хаттар жолданды.
Бүгінгі күнге дейін қалалық мәслихат депутаттары халықты толғандыратын өзекті мәселелерді шешу үшін жергілікті органдарға депутаттық сауалдар мен жолданым хаттар жолдап, оның орындалуын үнемі бақылауда ұстап отырады.
(15 слайд)
Түркістан қалалық мәслихаты депутаттары тарапынан 2025 жылы жергілікті атқарушы органдарға 201 сауал, жолданым хаттар жолданды.
2025 жылы жеке және заңды тұлғалардан барлығы 95 өтініш келіп түскен. Оның 31-і орындалып, 64-і заң бойынша негізінен қарау үшін тиісті мекемелерге бағытталды.
(16 слайд) Түркістан қалалық мәслихаты қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және маңызды мәселелер бойынша қабылданған шешімдермен халықты ақпараттандыру мақсатта есепті кезеңде өткізілген барлық 4 тұрақты комиссияның онлайн-көрсетілімдері тікелей эфирде әлеуметтік желідегі парақшаларымызда көрсетіліп, бейнежазбасы сақталды.
(17слайд) Өздеріңізге сегізінші шақырылымдағы қалалық мәслихаттың 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы қысқаша баяндап бердім.
Назарларыңызға рахмет!