ЯССЫ СЕКТОРЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ БОЛЫП ӨТТІ

Бүгін қала әкімі Нұрбол Әбдісаттарұлы Яссы секторы тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет ұсынып, жоспарлармен бөлісті. Жиынды қалалық мәслихат хатшысы Мақсат Асылбекұлы жүргізіп, модератор қызметін атқарды. Қалалық мәслихат депутаттары Айгуль Өтегенқызы мен Ардақ Үсенұлыда бұл басқосуға хатысып, халықтың өтініштерін тыңдады.
 Қазіргі таңда аталмыш аумақта тұрғындардың тілегі назарға алынып, "Тұран" ауылында спорт алаңшасын салу жобасы іске асырылуда. Бюджет есебінен қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары басталуға дайын. Сектор аумағында 21 шақырымды құрайтын 23 көшеге тас төселді, 30,25 шақырымды құрайтын 24 көше ағымдағы жылы орташа жөндеуден өтеді. 3,1 шақырымды құрайтын 3 көше асфальттанды. Қалған көшелерде сарқынды су жүйесінің сервистік жұмыстары аяқталғаннан кейін, орташа жөндеу жұмыстары жалғасатыны айтылды. Жаяу жүргіншілерге арналған жол бойынша 3,9 шақырым құрайтын 5 көшеде аяқжол құрылысын жүргізу жоспарланып, қазіргі уақытта 4 көшеде құрылыс толығымен аяқталды. Маусым айының соңына дейін қалған 1 көшедегі 0,2 км аяқжол құрылысы аяқталады деп күтілуде.
 Сонымен қатар 76 шақырымды құрайтын 64 көшенің жарықтандыру жұмыстары аяқталып, қазіргі уақытта көше жарықшамдары толығымен іске қосылды. Жалпы Түркістан қаласы бойынша 2022 жылға 100 аялдама орнату және 50,3 шақырым құрайтын 41 көшеге аяқжол салу жоспарланды. Қазіргі уақытта 75 аялдама орнатылып, 21,2 шақырымды құрайтын аяқжол төселді.
 Бұдан бөлек, ағымдағы жылы тасымалдаушы мекемелер тарапынан 40 автобус алынып №6, 10 бағыттарды қайта жаңартып, қосымша №16, 17 бағыттарды іске қосу жоспарланған болатын. Қазіргі уақытта, соның 10 дана автобусы алынып, №6 бағытта қызмет көрсетуде. Қаламызды сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында «Яссы», «Шауғар» мөлтек аудандарына және МКТУ аумақтарын 10-0,4 кВ жоғары кернеулі электр кабель салу құрылысы, темір бетонды бағаналарын орнату және заманауи кабелдік жүйеге ауыстыру және әрбір үйдің есептегішін жаңарту жұмыстары толығымен аяқталды. Аталған жоба бойынша жеке үйлерге, яғни абоненттерді жаңа тоқ желісіне қосу жұмыстары жалғасуда, тамыз айында толық қосылып бітеді деп күтілуде.
«Яссы» тұрғын алабында бүгінгі таңға «Көгершін, Әл-Фараби, Саурық батыр» көшелеріне қосымша трансформаторлар орнатылғаны да айтылды. «Яссы» мөлтек ауданында жалпы жоба бойынша 180 шақырым кәріз желісімен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда, жұмыстың 71 пайызы атқарылды. Ауыз су тартылмаған көшелерге жоба жасалып, қаржы қарастырылды. Тамыз айынды құрылыс жұмыстары басталады деп күтілуде.
ЯССЫ СЕКТОРЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ БОЛЫП ӨТТІ
Дата публикации
07 июня 2022