GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Мәслихат туралы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Все материалы
30 сентября 2026
ҚАРИЯЛАРМЕН БІРГЕ ӨТКЕН КҮН…✨
Қарттар күніне орай ауданымызда аға буынға құрмет көрсетіп, көңілдеріне қуаныш сыйлаған кездесулер жалғасуда. Алма-тау төріндегі тағылымды жүздесуден кейін бүгін осындай игі басқосу Бірінші Мамыр ауылдық округінде де ұйымдастырылды.
Ауылдың ардақты қарияларына арнайы дастархан жайылып, ақжарма тілектер айтылды. Үлкендердің басын қосқан жүздесу өзара әңгіме мен сыйластыққа, көтеріңкі көңіл күйге ұласты.
Басқосуға аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, аудан әкімі аппаратының басшысы Амалбек Өміртай, аудандық мәслихат депутаты Исағали Әшірбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітхан Ақтаев, аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Әдбісаттар Әбдіхалықов қатысты.
Кездесу барысында қарияларға гүл шоқтары мен арнайы сыйлықтар табысталып, мерекелік көңіл күй сыйланды.
Сондай-ақ елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар ардагерлер аудандық мәслихаттың Құрмет грамотасымен және мәслихаттың Грамоталарымен марапатталды.
Ақ дастархан басында өрбіген әңгіме мен айтылған ақ тілектер бұл күннің мәнін аша түсті. Үлкенге көрсетілген құрмет — олардың еңбегі мен өмір жолына деген шынайы алғыстың белгісі.
 
©️Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі
30 сентября 2026
ЖҮРЕККЕ ЖЫЛУ СЫЙЛАҒАН КҮН
Қариясын қадірлеген елдің қашанда берекесі артып, ұрпағы өнегемен өседі. Өйткені аға буынның өмір жолы – кейінгіге үлгі, айтқан ақылы – бағыт, берген батасы – рухани тірек. Сондықтан үлкенге құрмет көрсету – бір күннің ғана міндеті емес, елдік тәрбиенің өзегі.
Осы орайда Қарттар күніне орай Кемеқалған ауылдық округіндегі «Алма-тау» тау курортында ауданның 60 жуық қариясын бір ортаға тоғыстырған тағылымды әрі әсерлі кездесу өтті. Табиғаты көркем таулы мекенде өткен басқосу үлкендердің бір-бірімен емен-жарқын әңгімелесіп, жақсы көңіл күймен уақыт өткізуіне мүмкіндік берді.
Шараға аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, аудан әкімі аппаратының басшысы Амалбек Өміртай, мәслихат депутаты Ерболат Жабаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітхан Ақтаев, аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Әдбісаттар Әбдіхалықов және ардагерлер қатысты.
Ақ дастархан басында ақжарма тілектер айтылып, өлеңдер оқылып, үлкендердің өнегелі әңгімелері өрбіді. Жүздесудің әр сәтінен өзара сыйластық пен ізеттілік, үлкенге деген құрмет анық сезілді.
Шара барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына елеулі үлес қосып, ел игілігі жолында еселі еңбек еткен бірқатар ардагерлер аудандық мәслихаттың Грамотасымен марапатталды.
Кездесу соңында ардагерлерге сыйлықтар табысталып, ізгі тілектер айтылды. Таудың таза ауасымен тыныстап, бір-біріне ақжолтай тілегін арнаған қариялар бұл күннен көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.
Қарияға көрсетілген құрмет – өткенге тағзым ғана емес, келешекке қалдырылған өнеге. Үлкеннің батасын алып, ақылын ардақтаған ұрпақтың жолы да қашанда берекелі болмақ.
 
©️Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі
28 сентября 2026
БЮДЖЕТ МӘСЕЛЕЛЕРІ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯДА ҚАРАЛДЫ
Бүгін VIII шақырылымдағы Төлеби аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз тоғызыншы сессиясы өтті.
Сессия барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей қатысты маңызды мәселелердің бірі – бюджетке өзгерістер енгізу мәселесі қаралды.
Сессияны аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров ашып, күн тәртібіндегі мәселелерді таныстырды.
Күн тәртібіне 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджетке, сондай-ақ қала және ауылдық округтер бюджеттеріне өзгерістер енгізуге қатысты екі мәселе енгізілді.
Аталған мәселелер бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Мансұр Ашрапов хабарлама жасап, бюджетке енгізілетін өзгерістер жөнінде толық ақпарат берді.
Күн тәртібіндегі мәселелер бұған дейін бірлескен тұрақты комиссия отырысында қаралып, депутаттар тарапынан талқыланған болатын.
Сессия барысында депутаттар ұсыныстар мен пікірлерді назарға алып, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылдады.
 
©️Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі
28 сентября 2026
ҚАРТТАР КҮНІНЕ ОРАЙ СПОРТТЫҚ САЙЫС
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай ауданымызда ардагерлер арасында шахмат және бильярдтан аудан біріншілігі басталды.
Спорттық шараға аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, қала әкімі Мақсат Жұмабаев және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейтхан Ақтаев қатысып, ардагерлерге ізгі тілектерін білдірді.
♟️ Шахматта ой ұшқырлығын, 🎱 бильярдта дәлдігі мен шеберлігін сынаған ардагерлер тартысты бәсекеге түсуде.
Мұндай шаралар аға буынның белсенді өмір салтын қалыптастырып, сергек көңіл-күйін сақтауға септігін тигізеді.
Барша қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тілейміз! 🏆💐
 
©️Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі
28 сентября 2026
ТӨҢКЕРІСТЕ ИГІЛІК ПЕН ИМАНДЫЛЫҚТЫҢ ЖАҢА ОРДАСЫ АШЫЛДЫ
Төлеби ауданы, Қаратөбе ауылдық округіне қарасты Төңкеріс елді мекенінде ел игілігіне арналған жаңа мешіттің ашылу рәсімі өтті.
Игі шараға Түркістан облысының бас имамы Ержан Төлепов, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейтхан Ахтаев, ауыл ақсақалдары мен тұрғындар қатысты.
Жаңа мешіттің бой көтеруіне кәсіпкер азамат Біржан Ерланұлы демеушілік жасап, сауапты іске ұйытқы болды. Елді мекен тұрғындарының игілігіне қызмет ететін құлшылық ордасының ашылуы – ауыл үшін айтулы оқиға.
Мешіттің ашылу рәсімінде оның бой көтеруіне өз үлесін қосып, игі іске атсалысқан бірқатар ауыл азаматтарына аудандық мәслихаттың Алғыс хаттары табысталды.
Жаңа мешіт имандылық пен ізгіліктің, бірлік пен берекенің ордасына айналып, ауыл жұртына рухани нәр беретін қасиетті мекен болсын!
 
© Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі
25 сентября 2026
Аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс отыз тоғызыншы сессиясын шақыру туралы

Аудандық мәслихаттың сегізінші

шақырылымдағы кезектен тыс отыз   

тоғызыншы сессиясын шақыру туралы       

  

        «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы  Заңының 10 бабы 2 тармағына сәйкес, аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымдағы  кезектен тыс  отыз тоғызыншы сессиясы 2026 жылы 28 қыркүйек күні сағат 16:00- ге   шақырылсын.

  

Аудандық мәслихаттың

өрағасы                                                                            Н.Қойбағаров

  

25 сентября 2026
Төлеби аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан халқының назарына!

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабына сәйкес  сегізінші шақырылымдағы Төлеби аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз тоғызыншы сессиясы 2026 жылы 28 қыркүйек күні сағат 16:00 де  өтеді.

 

          Кезектен тыс сессияның қарауына мына төмендегі  мәселелер  ұсынылады:

 

        1. Төлеби аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №31/184-VIІI «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

 

        2. Төлеби аудандық мәслихатының 2025  жылғы 29 желтоқсандағы №32/192-VIІI «2026-2028 жылдарға арналған қала, ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

 

        3. Сессияның қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

 

         Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының мәжілістері 2026 жылдың 28 қыркүйек күні сағат 15:00-де өткізіледі.

 

 

      Сессияның күн тәртібіне енгізілген мәселелерге сәйкес, ұсыныс-пікірлер мен жолданымдар болса аудандық мәслихат аппаратына мына сымтетіктер арқылы    5-95-63, 5-95-61  хабарласуға болады.  

 

 

Аудандық мәслихаттың

төрағасы                                                                                           Н.Қойбағаров

14 сентября 2026
🏛️ ЛЕНГІРДЕ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Тұрғындардың талап-тілегін тыңдап, қаладағы өзекті мәселелерді талқылау – маңызды бағыттардың бірі. Осы ретте Ленгір қаласының әкімі Мақсат Жұмабаев қала тұрғындарымен кездесіп, атқарылған жұмыстарды саралап, алдағы міндеттерді ортаға салды.
Аудандық мәдениет үйінде өткен кездесуге аудандық мәслихат депутаттары Белес Рысбаев, Сәкен Маженов, Ерболат Жабаев, Нұргелді Құлышев, Мақсат Тұрымбетов, Болат Умутбаев, сондай-ақ дербес бөлімдер мен мекеме басшылары және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.
Жиын барысында тұрғындар ауыз су, көшелерді түнгі жарықтандыру, жолдарды асфальттау, әлеуметтік көмек көрсету мәселелерін көтеріп, өз ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Көтерілген мәселелер бойынша қала әкімі жауап беріп, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері назарға алынды. Кездесу барысында өзекті мәселелер талқыланып, оларды шешу жолдары қарастырылды.
 
©️Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі
07 сентября 2026
Төлеби аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан халқының назарына!

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабына сәйкес  сегізінші шақырылымдағы Төлеби аудандық мәслихатының кезекті отыз сегізінші сессиясы 2026 жылы 25 қыркүйек күні сағат 11:00 де  өтеді.

          Кезекті сессияның қарауына мына төмендегі  мәселелер  ұсынылады:

  1.       Өзіне жүктелген  функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы  аудан әкімінің   есебі.
  2. Аудан әкімдігінің дербес құрамына келісім беру туралы.
  3. Төлеби ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы.
  4. Төлеби аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №9/52-VIІI «Төлеби аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  5.          Сессияның қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

         Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының мәжілістері 2026 жылдың 25 қыркүйек күні сағат 09:00-де өткізіледі.

      Сессияның күн тәртібіне енгізілген мәселелерге сәйкес, ұсыныс-пікірлер мен жолданымдар болса аудандық мәслихат аппаратына мына сымтетіктер арқылы    5-95-63, 5-95-61  хабарласуға болады.  

 

Аудандық мәслихаттың

төрағасы                                                                                           Н.Қойбағаров

07 сентября 2026
Аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымдағы кезекті отыз сегізінші сессиясын шақыру туралы

 «07» қыркүйек  2026 жыл                                                        №38

 

  

Аудандық мәслихаттың сегізінші

шақырылымдағы кезекті отыз   

сегізінші сессиясын шақыру туралы    

 

        «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы  Заңының 10 бабы 2 тармағына сәйкес, аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымдағы  кезекті  отыз сегізінші сессиясы 2026 жылы 09 маусым күні сағат 11:00- ге  шақырылсын.

 

Аудандық мәслихаттың

төрағасы                                                                            Н.Қойбағаров

  

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы