МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ТАРТУ – 4

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ТАРТУ – 4
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай «AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында аудандық мәслихат депутаты Талғат Манкеев және Қасқасу ауылдық округінің әкімі Мейіржан Ермағанбетов Қасқасу ауылының қадірлі аналарын құттықтады.
Қасқасу ауылдық округі бойынша төрт елді мекеннің 90-ға жуық 70-жастан асқан аналарға, апаларға арналған кең ауқымды «АНА – ӨМІР ШУАҒЫ» атты іс шара ұйымдастырды.
Құттықтау сөзінде «Аналар - мейірімнің, төзімділіктің, даналықтың символы. Оларға қанша құрмет көрсетсек те, артық болмайды. Барша аналарға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық тілеймін»-деді, халық қалаулысы.
Концертке келген әйелдер қауымына ер азаматтар гүл шоқтарын сыйға тартты
.
©️Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі