
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабына сәйкес сегізінші шақырылымдағы Төлеби аудандық мәслихатының кезекті бесінші сессиясы 2023 жылы 21 қыркүйек күні сағат 10.00 де өтеді.
Кезекті сессияның қарауына мына төмендегі мәселелер ұсынылады:
1. Өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы аудан әкімінің есебі.
2. Төлеби аудандық мәслихатының 2020 жылғы 04 наурыздағы №50/275-VІ «Төлеби ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу жайлы.
3. «Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешімге өзгерістер енгізу туралы.
4. Әр түрлі мәселелер
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының мәжілістері 2023 жылдың 19 қыркүйек күні сағат 10:00-де өткізіледі.
Сессияның күн тәртібіне енгізілген мәселелерге сәйкес, ұсыныс-пікірлер мен жолданымдар болса аудандық мәслихат аппаратына мына сымтетіктер арқылы 6-10-72, 5-95-63 хабарласуға болады.
Аудандық мәслихат төрағасының
міндетін уақытша атқарушы Т.Манкеев