Сегізінші шақырылымдағы Төлеби аудандық мәслихаттың кезектен тыс жиырма алтыншы сессиясында қабылданған шешімдер тізбесі

Ауданда «Қазақстан Республикасының

әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 

Заңның  орындалу  барысы  жайлы

 

        «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Қазақстан Республикасы Заңына  сәйкес, ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 28 сәуірдегі №103 бұйрығы және оған 2024 жылғы 6 желтоқсандағы №578-нқ бұйрығымен енгізілген өзгерістердің талаптарына сәйкес, «Ауданда «Ұлтаралық қатнастар және бейбітшілік пен келісімді нығайту»  барысында  атқарылып  жатқан  жұмыстар  жайлы» мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ә.Әсілбектің хабарламасын тыңдап,  талқылап сессия барысында айтылған ұсыныс-пікірлерді ескере келе, аудандық  мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ә.Әсілбектің хабарламасы назарға алынсын.
  2. Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне:

         2.1. Ономастика саласы бойынша:

         - жергілікті қоғамдастық жиналыстарын өткізу тәртібі қатаң сақтау;

         - елді мекендер мен көшелердің атауларына қатысты толық электрондық реестр әзірленіп, қайталанатын немесе заңға қайшы ұсыныстардың алдын алуды  қамтамасыз ету;

           - Ономастика мәселелеріне байланысты мәслихат, қоғамдық кеңес және ардагерлер кеңесімен бірлескен ашық тыңдаулар тұрақты түрде өткізу;

         2.2. Монументтік өнер саласы бойынша:

          - жаңа ескерткіштер мен мемориалдарды орнатуға ұсыныс түскен жағдайда, тарихи-мәдени негіздемесін алдын ала зерделейтін жұмыс тобын құру;

          - бұрын орнатылған, бірақ қазіргі талаптарға сәйкес келмейтін нысандарға қатысты сараптамалық талдау жүргізу;

       - монументтер орнату тәртібі мен рәсімдерін халыққа түсіндіруге арналған ақпараттық жадынама әзірленіп, бастамашыл топтарға және ауылдық округтерге тарату;

       - атқарылып жатқан жұмыстар жайлы ақпаратты интернет-ресурста және халыққа қол жетімді бұқаралық ақпарат құралдарында  кеңінен насихаттау; 

       - аталған бағыттар бойынша жұмыстардың сапалы және нәтижелі орындалуын қамтамасыз ету  ұсынылсын.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау «Мемлекеттік заңдылық, азаматтардың еркі мен құқығын қорғау, депутаттық өкілеттілік және депутаттың этикасы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына» жүктелсін.

 

Аудандық мәслихаттың

төрағасы                                                                                          Н.Қойбағаров

Дата публикации
10 июня 2025