Сегізінші шақырылымдағы Төлеби аудандық мәслихаттың кезектен тыс жиырма алтыншы сессиясында қабылданған шешімдер тізбесі

Ауданда  «Ұлтаралық  қатынастар  және

 бейбітшілік пен келісімді нығайту» барысында

 атқарылып  жатқан  жұмыстар  жайлы

 

         «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Қазақстан Республикасы Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясы жөніндегі мемлекеттік саясатына және этносаралық келісімді сақтау жөніндегі тапсырмаларына сәйкес,   «Ауданда «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы»  Заңның  орындалу  барысы  жайлы» ішкі саясат бөлімінің басшысы Қ.Қалыбековтың хабарламасын тыңдап,  талқылап сессия барысында айтылған ұсыныс-пікірлерді ескере келе, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қ.Қалыбековтың хабарламасы назарға алынсын.
  2. Аудан аумағындағы этносаралық қатынастарды нығайту және қоғамдық келісімді сақтау – тұрақты саяси-әлеуметтік басымдық ретінде танылсын.
  3. Аудандық ішкі саясат бөліміне:

       - интеграциялық жұмыстарды жетілдіру бағытында, этнос тығыз орналасқан елді мекендерде креативті, халықты шынайы біріктіруге бағытталған жобаларды (ұлттық тағамдар күндері, достық фестивальдері, мәдени керуендер) әзірлеп, тұрақты түрде өткізу;

       - мемлекеттік тілдің қолданылуын кеңейту бойынша, аудандық білім бөлімімен бірлесе отырып, аралас мектептерде мемлекеттік тілде білім алатын оқушылар үлесін, оқыту сапасын және тілдік бейімдеу қажеттілігін анықтау үшін кешенді мониторинг жүргізе отырып, нақты іс-шаралар жоспарын әзірлеп, жүйелі түрде іске асыру;

      - жастармен этносаралық келісім бағытында, этносаралық достықты насихаттайтын волонтерлік жобалар, медиа-контент (TikTok, Instagram), тіл үйрету клубтары сияқты заманауи форматтарды енгізу;

      - ақпараттық-насихат жұмысын күшейту бойынша, әлеуметтік желілерде тұрақты айдарлар ашып, жергілікті БАҚ-пен бірлесіп этносаралық келісімді насихаттайтын бейнематериалдар, мақалалар, пікірлер жариялау;

      - ақпаратты этнос өкілдерінің өз тілінде де тарату тәжірибесін қалыптастыру;

      - этнос өкілдерінің ұсыныстарын есепке алу мақсатында, этномәдени бірлестіктер мен белсенді азаматтардан тұратын кеңесші жұмыс тобын құрып, жыл сайынғы іс-шаралар жоспарын сол топтың ұсыныстары негізінде әзірлеу ұсынылсын.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау «Мемлекеттік заңдылық, азаматтардың еркі мен құқығын қорғау, депутаттық өкілеттілік және депутаттың этикасы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына» жүктелсін.

 

Аудандық мәслихаттың

төрағасы                                                                                          Н.Қойбағаров

Дата публикации
10 июня 2025