Төлеби аудандық мәслихатының 2025 жылғы
19 наурыздағы №23/131-VIІI «Төлеби ауданы
әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың
істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі
комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Төлеби ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамынан Ж.Абдиев, Б.Мақұлбек, Ә.Жамалбеков, Ұ.Тастанова, А.Абдулла шығарылып, оның құрамына аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қ.Қалыбеков, аудандық полиция бөлімінің ЖПҚБ ювенальды полиция тобының қызметкері Б.Серікбаев, білім бөлімінің бас маманы С.Бекбосынова, «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Т.Тастанов, «Төлеби аудандық мансап орталығы» КММ директоры К.Амиртаев енгізілсін.
Аудандық мәслихаттың
төрағасы Н.Қойбағаров