Сегізінші шақырылымдағы Төлеби аудандық мәслихаттың кезектен тыс жиырма бесінші сессиясында қабылданған шешімдер тізбесі

30 сәуір  2025 жыл             №25/148-VІІІ                                                                       

 

Ленгір қаласының №2 және №3

мөлтек аудандарының орталық

көшесіне атау беру туралы

 

         Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына,   «Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері туралы» Заңының 20 және 21-баптарына, сондай-ақ мәслихаттың тұрақты комиссияларының қорытындысына және сессияда ұсынылған құқықтық және рәсімдік негіздерге сүйене отырып,  аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аудандық мәслихат депутаттарының көпшілік дауыс беру негізінде, Ленгір қаласындағы №2 және №3 мөлтек аудандарының орталық көшесіне «Зетбек Ташев» есімін беру туралы ұсыныс қабылданбасын.
  2. Бұл шешімді қабылдауға негіз болған келесі жағдайлар ескерілсін:

       - ұсыныстың тірек құжаты ретінде негізделген 2018 жылғы қоғамдастық жиыны қазіргі заңнама талаптарына сәйкес емес;

       - Қапал батыр көшесі 2003 жылдан бері ресми атауға ие және 2007 жылғы қаланың  бас жоспарында толығымен бекітілген;

       - ұсынысқа қатысты бірқатар тұрғындар мен ауданның құрметті азаматтары тарапынан жазбаша қарсылықтар келіп түскен;

       - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Мәдениет және ақпарат министрлігі бекіткен 2024–2028 жылдарға арналған ономастика Жол картасына сәйкес, аталмыш атау ұсынысы қарастырылмауы тиіс;

      - ұсыныс «Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы №783 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1262 бірлескен бұйрығымен бекітілген Қағида талаптарына сәйкес келмейді, атап айтқанда: бір көшеге бірнеше атау беруге жол берілмейді және бұрыннан қалыптасқан көше атауы сақталуы тиіс.

 

Аудандық мәслихаттың

төрағасы                                                                                             Н.Қойбағаров  

Дата публикации
02 июня 2025