30 сәуір 2025 жыл №25/148-VІІІ
Ленгір қаласының №2 және №3
мөлтек аудандарының орталық
көшесіне атау беру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, «Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері туралы» Заңының 20 және 21-баптарына, сондай-ақ мәслихаттың тұрақты комиссияларының қорытындысына және сессияда ұсынылған құқықтық және рәсімдік негіздерге сүйене отырып, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- ұсыныстың тірек құжаты ретінде негізделген 2018 жылғы қоғамдастық жиыны қазіргі заңнама талаптарына сәйкес емес;
- Қапал батыр көшесі 2003 жылдан бері ресми атауға ие және 2007 жылғы қаланың бас жоспарында толығымен бекітілген;
- ұсынысқа қатысты бірқатар тұрғындар мен ауданның құрметті азаматтары тарапынан жазбаша қарсылықтар келіп түскен;
- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Мәдениет және ақпарат министрлігі бекіткен 2024–2028 жылдарға арналған ономастика Жол картасына сәйкес, аталмыш атау ұсынысы қарастырылмауы тиіс;
- ұсыныс «Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы №783 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1262 бірлескен бұйрығымен бекітілген Қағида талаптарына сәйкес келмейді, атап айтқанда: бір көшеге бірнеше атау беруге жол берілмейді және бұрыннан қалыптасқан көше атауы сақталуы тиіс.
Аудандық мәслихаттың
төрағасы Н.Қойбағаров