Сегізінші шақырылымдағы Төлеби аудандық мәслихаттың кезекті жиырма төртінші сессиясында қабылданған шешімдер тізбесі

10 сәуір 2025 жыл           № 24/141-VIII  

 

 

Аудан азаматтарын мерзімді әскери                                                         

қызметке шақыруды ұйымдастыру

және өткізу барысы туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы №561-IV Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №104 қаулысымен бекітілген «Әскери міндеттілер мен әскери қызметшілерді әскери есепке алу қағидаларына», сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 5 шілдедегі № 347 бұйрығымен бекітілген «Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына» сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің басшысы М.Тоқсейіттің хабарламасы назарға алынсын.
  2. Мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу жұмыстары Қазақстан Республикасы Үкіметінің №320 қаулысымен бекітілген қағида талаптарына қатаң сәйкестікте жүзеге асыру ұсынылсын.
  3. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің басшысы М.Тоқсейітке:

- шақыруды ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі барлық жұмысты үйлестіру, әскери комиссариат учаскесінде тіркелген азаматтарға шақыру қағаздарын жеткізу, әскери есепте тұрған азаматтарға уақтылы хабарлау, шақыру комиссиясының құжаттамаларын жүргізуді қамтамасыз ету, науқан кезінде мәслихат депутаттары тарапынан сессияда айтылған сын-ескертпелерді ескере отырып, жұмыстың сапасын арттыру бойынша нақты шаралар қабылдауды міндеттеу ұсынылсын.

  1. Аудандық аурухананың бас дәрігері Қ.Умароваға және қалалық емхананың бас дәрігері А.Чалкаровқа:

- шақыру комиссиясының құрамындағы дәрігерлерді тиісті деңгейде мамандармен қамтамасыз ету, шақырылушыларды медициналық куәландыру кезінде олардың толық тексерілуін және қорытынды беруді ұйымдастыру, комиссия құрамындағы дәрігерлерге жұмыс барысында қолайлы жағдай жасау және қажетті қолдауды көрсету шараларын қабылдау ұсынылсын.

  1. Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Ашраповқа:

- аудандық аурухананың шақыру комиссиясына байланысты шығындарын өтеу үшін қажетті бюджеттік қаражат қарастыру мәселесін шешу, осы бағыттағы қаржыландырудың дер кезінде бөлінуін қамтамасыз ету ұсынылсын.

  1. Төлеби аудандық полиция бөлімінің бастығы Ғ.Қуашбаевқа:

-  мерзімді әскери қызметке шақыру уақытында әскери борышын өткеруден бас тартқан әскерге шақырушыларды іздеу үшін полиция қызметкерлерін бөлуді;

-  Әскерге шақырушыларды облыстық шақыру пунктіне жөнелту кезінде аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету ұсынылсын.

  1. Аудан әкімінің аппараты және ішкі саясат бөліміне:

- мерзімді әскери қызметтің маңыздылығын түсіндіру бойынша бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер және жергілікті кездесулер арқылы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, ата-аналар мен жастар арасында патриоттық тәрбиені насихаттауға бағытталған іс-шараларды өткізу ұсынылсын.

  1. Аудандық білім бөлімі мен жастар ресурстық орталығына:

- мектептерде, колледждерде патриоттық тәрбиеге бағытталған сабақтар, кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізу арқылы жастар арасында әскери қызметке деген оң көзқарас қалыптастыруды қамтамасыз ету мен жастардың әскери-патриоттық клубтарға қатысуын арттыру шараларын қабылдау ұсынылсын.

  1. Төлеби ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ә.Әсілбекке:

-  Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне, басқа да әскерлерге және әскери құрамаларға шақырушыларды салтанатты түрде шығарып салу іс-шараларын ұйымдастыруды;

-  Қала, ауылдық округтерде азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы көрнекті үгіт-насихат материалдарын орналастыруды қамтамасыз ету ұсынылсын.

  1. Ақылы әскери қызметке сұраныс пен қажеттілік мәселесін зерделеу мақсатында облыстық қорғаныс департаменті мен Қорғаныс министрлігіне ұсыныс-хат дайындау және жолдау аудан әкімінің аппаратына және аудандық мәслихаттың бюджет, аумақты экономикалық – әлеуметтік дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктеу ұсынылсын.
  2. Аудандық мәслихат депутаттары мен атқарушы билік өкілдері арасында бірлескен жұмыс шеңберінде:

- мерзімді әскери шақыру науқаны кезінде қоғамдық бақылау, шақыру пунктіне барып қадағалау, ақпарат беру және ұсыныс беру сияқты ынтымақтастық формаларын енгізу ұсынылсын.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, аумақты экономикалық – әлеуметтік дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

 

Аудандық мәслихаттың                       

төрағасы                                                                                    Н.Қойбағаров

 

Дата публикации
02 июня 2025