10 сәуір 2025 жыл № 24/141-VIII
Аудан азаматтарын мерзімді әскери
қызметке шақыруды ұйымдастыру
және өткізу барысы туралы
Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы №561-IV Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №104 қаулысымен бекітілген «Әскери міндеттілер мен әскери қызметшілерді әскери есепке алу қағидаларына», сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 5 шілдедегі № 347 бұйрығымен бекітілген «Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына» сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- шақыруды ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі барлық жұмысты үйлестіру, әскери комиссариат учаскесінде тіркелген азаматтарға шақыру қағаздарын жеткізу, әскери есепте тұрған азаматтарға уақтылы хабарлау, шақыру комиссиясының құжаттамаларын жүргізуді қамтамасыз ету, науқан кезінде мәслихат депутаттары тарапынан сессияда айтылған сын-ескертпелерді ескере отырып, жұмыстың сапасын арттыру бойынша нақты шаралар қабылдауды міндеттеу ұсынылсын.
- шақыру комиссиясының құрамындағы дәрігерлерді тиісті деңгейде мамандармен қамтамасыз ету, шақырылушыларды медициналық куәландыру кезінде олардың толық тексерілуін және қорытынды беруді ұйымдастыру, комиссия құрамындағы дәрігерлерге жұмыс барысында қолайлы жағдай жасау және қажетті қолдауды көрсету шараларын қабылдау ұсынылсын.
- аудандық аурухананың шақыру комиссиясына байланысты шығындарын өтеу үшін қажетті бюджеттік қаражат қарастыру мәселесін шешу, осы бағыттағы қаржыландырудың дер кезінде бөлінуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
- мерзімді әскери қызметке шақыру уақытында әскери борышын өткеруден бас тартқан әскерге шақырушыларды іздеу үшін полиция қызметкерлерін бөлуді;
- Әскерге шақырушыларды облыстық шақыру пунктіне жөнелту кезінде аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету ұсынылсын.
- мерзімді әскери қызметтің маңыздылығын түсіндіру бойынша бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер және жергілікті кездесулер арқылы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, ата-аналар мен жастар арасында патриоттық тәрбиені насихаттауға бағытталған іс-шараларды өткізу ұсынылсын.
- мектептерде, колледждерде патриоттық тәрбиеге бағытталған сабақтар, кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізу арқылы жастар арасында әскери қызметке деген оң көзқарас қалыптастыруды қамтамасыз ету мен жастардың әскери-патриоттық клубтарға қатысуын арттыру шараларын қабылдау ұсынылсын.
- Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне, басқа да әскерлерге және әскери құрамаларға шақырушыларды салтанатты түрде шығарып салу іс-шараларын ұйымдастыруды;
- Қала, ауылдық округтерде азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы көрнекті үгіт-насихат материалдарын орналастыруды қамтамасыз ету ұсынылсын.
- мерзімді әскери шақыру науқаны кезінде қоғамдық бақылау, шақыру пунктіне барып қадағалау, ақпарат беру және ұсыныс беру сияқты ынтымақтастық формаларын енгізу ұсынылсын.
Аудандық мәслихаттың
төрағасы Н.Қойбағаров