Сегізінші шақырылымдағы Төлеби аудандық мәслихаттың кезекті жиырма төртінші сессиясында қабылданған шешімдер тізбесі

10 сәуір 2025 жыл          №24/140-VIII  

 

 

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы                                            

Заңының орындалу барысы туралы

аудандық білім бөлімінің есебі

 

Білім Заңының орындалуы және білім бөлімі жұмысының нәтижелері туралы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының талаптарын орындау, білім сапасын арттыру және оқушылардың құқықтарын қорғау мақсатында, аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

 

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының аудан аумағында орындалуы мен аудандық білім бөлімінің 2024-2025 оқу жылында атқарған жұмыстар туралы білім бөлімінің басшысы Б.Тойлыбаевтың есебі назарға алынсын.
  2. Аудандық білім бөліміне:

2.1. Білім сапасын арттыру, инклюзивті білім беруді дамыту, тәрбие және үйірме жұмыстарын күшейту, оқушыларды жазғы лагерьлермен қамту, мектеп формасы мәселесін реттеу;

2.2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту, ауылдардағы білім беру ұйымдарын жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етуге бағытталған Starlink спутниктік интернет жүйесін орнату сапасын бақылауға алу;

2.3. «Жайлы мектеп» жобасының іске асырылуын қатаң бақылауға алу, жаңа мектептердің кадрлық мәселелерін шешу және оқушыларды қабылдау процесін ұйымдастыру бойынша аудан тұрғындары мен ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

2.4. Оқушыларды тасымалдау мен ыстық тамақпен қамту сапасын арттыру, күрделі жөндеу жұмыстарының сапасын бақылау;

2.5. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын күшейту;

 

2.6. Оқушылардың репродуктивті денсаулығын сақтау және жауапкершілікке тәрбиелеу бағытындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту;

2.7. Мектептерде оқушылардың әскери жауапкершілігін арттыру мақсатында алғашқы әскери дайындық пәнінің сабақтарына қажетті көрнекі құралдармен, соның ішінде оқу-жаттығу мақсатындағы қару-жарақ құралдарымен қамтамасыз ету жолдарын қарастыру;

2.8. Аудандағы барлық мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасына, күрделі жөндеуге, сондай-ақ қосымша оқу ғимараттарының қажеттілігіне қатысты нақты қажеттіліктерді анықтап, тиісті тізімді жасақтау, олар бойынша қаржы көлемін нақтылай отырып, жоғары уәкілетті органдарға ұсыныс дайындау;

2.9. Сессия барысында айтылған сын-ескертпелер негізінде анықталған кемшіліктерді жою бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеп, атқарылған жұмыстар туралы мәслихатқа ақпарат беру ұсынылсын.

  1. Аудан әкімінің орынбасары Б.Жанғазиевке:

3.1. Ауданда жасөспірімдер мен жастар арасында отбасы құндылықтарын насихаттау, репродуктивті денсаулық мәселелері бойынша профилактикалық жұмыстарды, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған түсіндіру іс-шараларын, сондай-ақ әскери-патриоттық тәрбие беру бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз ету, аталған бағыттар бойынша идеологиялық жұмысты күшейту, жастармен жұмысты жүйелі түрде жүргізу және мазмұнды, кең ауқымды іс-шаралар кешенін әзірлеп, іске асыру ұсынылсын.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау «Мемлекеттік заңдылық, азаматтардың еркі мен құқығын қорғау, депутаттық өкілеттілік және депутаттың этикасы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына» жүктелсін.

 

 

Аудандық мәслихаттың

төрағасы                                                                                       Н.Қойбағаров  

Дата публикации
02 июня 2025