19 наурыз 2025 жыл №136 19 наурыз 2025 жыл №23/133-VIII
Жоғарғы Ақсу ауылдық округі,
Мәдени елді мекеніндегі «Бәйшешек»
көшесінің атауын «Көшербай Есболұлы»
деп қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы» Заңының 12 бабы 5 тармақшасына, «Әкімшілік аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, олдарды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Жоғарғы Ақсу ауылдық округі, Мәдени елді мекеніндегі «Бәйшешек» көшесінің атауын «Көшербай Есболұлы» деп қайта атау туралы ұсыныс облыстық ономастика комиссиясының қарауына енгізілсін.
|
Төлеби ауданының әкімі Е.Әлімқұлов
Төлеби аудандық мәслихатының төрағасы Н.Қойбағаров |