Төлеби аудандық Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырыстарына қатысуға қадағалаушылар тізімін қалыптастыру бойынша іріктеу өткізу және жұмыс тобының отырыстарын өткізу уақыты мен орны туралы хабарландыру

    «Төлеби аудандық мәслихат аппараты» ММ хабарлайды:

   Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереженің (бұдан әрі - Үлгілік ереже) 10-тармағына сәйкес:

  1. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырыстарына қатысуға Қазақстан Республикасының азаматтары, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын, дауыс беру құқығы жоқ байқаушылар жұмыс тобының отырыстарына қатысуға жіберіледі.
  2. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін байқаушы болуға ниет білдірген адам Үлгілік ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде қатысу үшін өтініш береді.

Мекен-жай: «Төлеби аудандық мәслихатының аппараты» ММ, Ленгір қаласы, Әйтеке би көшесі, №28 үй, №223 каб., электрондық пошта maslihat.tolebi@mail.ru жауапты тұлға – Паңбай Мұрат Мекембайұлы қызметтік телефоны: 6-20-88

 Құжаттарды тапсыру мерзімі: хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде (2025 жылғы 31 қаңтарынан бастап 2025 жылғы 06 ақпанды қоса алғанда сағат 19.00-ға дейін)

        2025 жылғы 13 ақпанда бірінші отырыс.

        2025 жылғы 14 ақпанда екінші отырыс.

      Жұмыс тәртібі: 09:00-ден 19:00-ға дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 15:00-ға дейін, сенбі, жексенбі демалыс күндер.

 

     

      

 

Дата публикации
27 января 2025