«Төлеби аудандық мәслихат аппараты» ММ хабарлайды:
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереженің (бұдан әрі – Үлгілік ереже) 4, 5, 6, 7-тармақтарына сәйкес және Төлеби аудандық мәслихат төрағасының 2025 жылғы 27 қаңтардағы №6-Ө өкімі негізінде Төлеби аудандық мәслихаты Төлеби аудандық Қоғамдық кеңесінің құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі – жұмыс тобы) мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізілетінін хабарлайды.
Жұмыс тобының құрамы мемлекеттік органдардың өкілдері қатарынан және конкурстық негізде коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар қатарынан қалыптастырылады.
Конкурсты өткізу мерзімі конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күнін құрайды.
Жұмыс тобының сандық құрамы 7 (жеті) мүшеден тұрады.
Жұмыс тобының құрамында мемлекетттік органнан, өкілдік ету жұмыс тобы мүшелері жалпы санының үштен бірінен аспайды, азаматтық қоғамнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрайды және коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері 2025 жылдың 31қаңтарынан бастап келесі құжаттарды Төлеби аудандық мәслихат аппаратына:Төлеби ауданы Ленгір қаласы Әйтеке би көшесі, №28 үй, №223 каб.мекен-жайы бойынша қолма-қол береді немесе maslihat.tolebi@mail.ru электрондық поштасына жолдайды.Құжаттарды тапсыру мерзімі: (2025 жылғы 31қаңтарынан бастап 2025 жылғы 06 ақпанын қоса алғанда сағат 19:00-ға дейін).
1) кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысын және (немесе) азаматтың өтініші;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;
5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімді жібереді.
Ұсыныстарды қабылдау мерзімі 5-жұмыс күнін құрайды.
Ұсыныстар қағаз түрінде: жұмыс тәртібі сағат 09:00 ден 19:00-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 15:00) қабылданады, сенбі жексенбі демалыс күндер.
2025 жылғы 13 ақпанда бірінші отырыс.
2025 жылғы 14 ақпанда екінші отырыс.
Мекен-жай: «Төлеби аудандық мәслихатының аппараты» ММ, Ленгір қаласы, Әйтеке би көшесі, №28 үй, №223 каб., электрондық пошта maslihat.tolebi@mail.ru жауапты тұлға – Паңбай Мұрат Мекембайұлы қызметтік телефоны: 6-20-88.