Сегізінші шақырылымдағы Төлеби аудандық мәслихаттың кезектен тыс жиырма екінші сессиясында қабылданған шешімдер тізбесі

27 желтоқсан  2024 жыл             №22/123-VІІІ                                                                       

 

Аудан әкімдігі жанынан құрылған қылмыстық

жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық

ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен

органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ

қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік

және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі

консультациялық-кеңесші органның 2024 жылғы есебі

 

Аудан әкімдігі жанынан құрылған қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультациялық-кеңесші орган төрағасының орынбасары, Төлеби аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы Д.Смайловтың есебін тыңдап, талқылап, сессия барысында айтылған сын-ескертпелер мен ұсыныс пікірлерге сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Консультациялық кеңесші органның есебі назарға алынып, келешекте сессияда аталған мәселелер жөніндегі консультациялық кеңесші органның тек төрағасының есебі тыңдалатыны назарға алынсын.
  2. Аудан әкімдігі жанынан құрылған кеңесші органға:

- аудан көлемінде қылмыстық жазаға тартылғандардың, түзеу мекемелерінен босап шыққандардың қайта қылмысқа бармаулары мақсатында олардың жұмыспен қамтылуы, тиісті тұлғаларға тұрмысы төмен отбасыларына әлеуметтік көмек көрсетуі бойынша іс-шаралар ұйымдастыру;

- түзету мекемесінде жазасын өтеп отырғандардың еңбекпен қамтылуы үшін кәсіпкерлермен келісім шарттар жасасып, жұмыс орындарын ашу ұсынылсын.

  1. Осы шешімнің орындалуын қадағалау аудандық мәслихаттың меклекеттік заңдылық , азаматтардың еркі мен құқығын қорғау, депутаттық өкілеттілік және депутаттың этикасы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

 

Аудандық мәслихаттың

төрағасы                                                                                       Н.Қойбағаров  

 

Дата публикации
30 декабря 2024