05 қараша 2024 жыл №19/100-VІІІ
Аудан әкімі лауазымына
ұсынылып отырған кандидатқа
келісім беру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-1 бабына және Түркістан облысы әкімінің 2024 жылғы 04 қарашадағы №52 ұсыныс хатына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аудан әкімі лауазымына ұсынылған Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлы кандидатурасына келісім берілсін.
Аудандық мәслихаттың
төрағасы Н.Қойбағаров