31 қазан 2024 жыл №18/98-VІІІ
Төлеби аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 мамырдағы №3/15-VI «Төлеби аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 1 тамағы 15) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 5 қарашадағы Заңының 1-бабының 25-тармағына сәйкес, Төлеби аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
көрсетілген шешіммен бекітілген ережеде:
1 тараудың 7 тармағындағы «хатшысының» деген сөз «төрағасының» деген сөзбен ауыстырылсын;
3 тараудың 22 тармағындағы «хатшысы» деген сөз «төрағасы» деген сөзбен ауыстырылсын.
Аудандық мәслихаттың
төрағасы Н.Қойбағаров