Сегізінші шақырылымдағы Төлеби аудандық мәслихаттың кезекті он сегізінші сессиясында қабылданған шешімдер тізбесі

31қазан  2024 жыл             №18/97-VІІІ                                                                       

 Мәслихаттың сессиялары мен тұрақты

комиссияларында айтылған ұсыныстар

мен сын-ескертпелердің және депутаттық

сауалдардың орындалу барысы жайлы

        «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Мәслихаттың сессиялары мен тұрақты комиссияларында қабылданған шешімдер мен қаулылардың және депутаттық сауалдардың орындалу барысы жайлы аудандық мәслихат аппаратының басшысы Б.Кемеловтың хабарламасы назарға алынсын.

        2.Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушыға:

       - мәслихаттың сессиялары мен тұрақты комиссияларында қабылданған шешімдер мен қаулылардың және депутаттық сауалдардың орындалмау себеп салдарын анықтап, мән-жайына терең талдау жасай отырып, немқұрайлы қарағаны  үшін мекеме басшыларына шара көру ұсынылсын.

  1. Сессия жұмысының барысында айтылған ұсыныстар мен шешімде аталып көрсетіліп отырған жұмыстар бойынша, мәслихатқа ағымдағы жылдың 02-ші  желтоқсанына дейін атқарған жұмыстар жайлы жазбаша хабарлама  ұсынсын.

 

 

Аудандық мәслихаттың

төрағасы                                                                                        Н.Қойбағаров

 

Дата публикации
01 ноября 2024