Сегізінші шақырылымдағы Төлеби аудандық мәслихаттың кезекті он сегізінші сессиясында қабылданған шешімдер тізбесі

31 қазан 2024 жыл             №18/96 -VІІІ                                                                       

       Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық,

      жолаушылар көлігі және автомобиль

      жолдары бөлімінің атқарып жатқан

      жұмыстарының есебі туралы

       

         «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына  сәйкес, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы С.Қалдыбаевтың есебін тыңдап,  талқылап сессия барысында айтылған ұсыныс-пікірлерді ескере келе, мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің есебі назарға алынып, жұмыстарының өз дәрежесінде атқарылмай отырғандығы атап көрсетілсін. 
  2. Сессия барысында айтылған ұсыныс-пікірлер мен сын-ескертпелерді ескере келе, аудан экономикасын дамытуда негізгі бағыт болып саналатындықтан аудан әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне төмендегі жұмыстардың атқарылуына мән беру:

         - алдағы уақытта қолға алынатын жобалық-сметалық құжаттамаларының дер кезінде жасалынуы мен оның сапалы атқарылуына жете мән беріп, қол жеткізу;

         - жергілікті жерлерде, ауыл-ауылдарда алдағы уақытта жүргізілетін нысандардың жобалық құрылыс құжаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының алдын ала келісімі арқылы әзірлеу;

         - жоспарланған жұмыстарды тұрақты үйлестіру мен мемлекеттік сатып алу бойынша түрлі бағыттағы кемшіліктердің алдын алуды  күшейту мақсатында мониторинг-зерделеу жұмыстарын жандандыру;  

         - мердігерлермен түзілген мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарттардың талаптарына сәйкес құрылыс жұмыстарын  кешіктіргені үшін тапсырыс беруші аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан мердігер мекемелерге белгіленген тәртіппен шаралар көру ұсынылсын.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, аумақты экономикалық-әлеуметтік дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

 

Аудандық мәслихаттың

төрағасы                                                                               Н.Қойбағаров 

 

 

Дата публикации
01 ноября 2024