Сегізінші шақырылымдағы Төлеби аудандық мәслихаттың кезекті он сегізінші сессиясында қабылданған шешімдер тізбесі

31 қазан 2024 жыл             №18/95 -VІІІ                                                                       

       Қасқасу  ауылдық округі әкімінің

      өзіне  жүктелген міндеттерінің орындау

      барысы туралы

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына  сәйкес, Қасқасу ауылдық округінің  әкімі М.Ермаханбетовтың есебін тыңдап,  талқылап сессия барысында айтылған ұсыныс-пікірлерді ескере келе, мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қасқасу ауылдық округінің әкіміне:

       - ауыл округінің санитарлық ахуалын барынша жақсартып, жасыл желектерді күтіп ұстауға ауыл тұрғындарын кеңінен тарту, оларға өз аулалары мен үй айналасын абаттандырып, таза ұстауға ықпал ету, түсіндіру жұмыстарын  жүргізу;

        - сапалы ауыз суға деген сұраныс қажеттілігін қанағаттандырып қамтамасыз етуге тиісті шаралар  қабылдау;

       - округтегі елді мекендерге табиғи газ құбырын жүргізу құрылысы бойынша жобадан тыс қалып кеткен үйлерге толық газ құбырын тартуға ықпал ету;

        - түсімдерді жоспарлау барысында талдау жұмыстарын өз деңгейінде жүргізу, салықтық және басқа түсімдерді жоспарлауды салық салынатын базамен сәйкестікке келтіру;

         - жаңадан салынған үйлердің құжаттарын заңдастыру жүмыстарын жүргізу және демалыс орындарын ашып, табыс тауып отырған демалыс орындарының салығын ауданға түсіру үшін олармен келіс сөздер жүргізуді қолға алу; 

         - атқарылып жатқан жұмыстар жайлы ақпаратты интернет-ресурста және халыққа қол жетімді бұқаралық ақпарат құралдарында  кеңінен насихаттау ұсынылсын.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, аумақты экономикалық-әлеуметтік дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

 

Аудандық мәслихаттың

төрағасы                                                                     Н.Қойбағаров                                                                                       

 

 

 

Дата публикации
01 ноября 2024