Сегізінші шақырылымдағы Төлеби аудандық мәслихаттың кезекті он сегізінші сессиясында қабылданған шешімдер тізбесі

31 қазан 2024 жыл             №18/94-VІІІ                                                                       

       Өзіне жүктелген  функциялар

     мен міндеттердің орындалуы  туралы

     аудан әкімінің  есебі  

       

         Ауданның әлеуметтік-экономикалық  даму ахуалының барысы жайлы аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы С.Дүйсебаевтың есебін тыңдап, талқылап сессия барысында айтылған ұсыныс-пікірлерді ескере келе, мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

        Есеп беріліп отырған мерзімдегі ауданның жалпы әлеуметтік-экономикалық ахуалы және оны дамыту туралы аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы С.Дүйсебаевтың есебі назарға алынып, бұл бағытта ауданда көптеген ауқымды жұмыстардың атқарылып жатқандығы қанағаттанарлық жағдай деп есептелсін. Сонымен қатар, орындаушылық тәртіптің төмендігі атап көрсетілсін:

  1. Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушыға:

1) Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму ахуалын жақсарту мақсатында алға қойылған межелерді орындау үшін салық төлемдерінің қосымша көздерін анықтау арқылы салықтық түсімдердің көлемін арттыру, сондай-ақ қала және  ауыл  округтеріне  бекітілген  салық түсімдерін толық орындалуын бақылауға алу;  

2) Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудің барысында орын алған кемшіліктерді жою жұмыстарын жүргізу, халықты сапалы ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету;

3) Көксәйек елді мекеніндегі спорт нысанының және Ленгір қаласы Алатау мөлтек ауданындағы ПС-110/10 кВт қосалқы станциясының құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілуін және мерзімінде аяқталуын қатаң бақылауға алу;

4) Аудандық «Саябақтары» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне ғимарат сатып алу үшін өткізілген мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысына мониторинг жүргізіп, заңдылығына құқықтық баға берілсін;

5) Аудан тұрғындарының наразылығын ескере отырып, Ленгір-Зертас бағыты бойындағы мазарат тұсынан өтетін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған полигонға барар жолдың орнын ауыстыру мәселесін оңтайлы шешу жолдары қарастырылсын және сенімгерлік басқаруға  берілген кездегі түзілген келісім шарт талаптарының орындалуы бақылауға алынсын;

6) Жеке тұрғын үйлер мен шаруа қожалықтарын, егістік алқаптар мен бау бақшаларды ағын сумен қамтамасыз ету және суармалы жердің көлемін ұлғайту үшін тиімді шаралар ұйымдастыру;

7) «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында қаржы алған аудандағы өндірістік бірліктердің бүгінгі жағдайына баға беру үшін ауыл шаруашылығы бөлімімен мониторинг жүргізу;

8) Ауданның туристік брендін көтеру жолдарын қарастыру, келушілерге туристік қызмет көрсету  сапасын арттыру;

9) Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында туындаған мемлекеттік және аумақтық бағдарламаларда көзделген шараларды  уақтылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын;

 

  1. Күші жойылған аудандық мәслихаттың нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының құқықтық актілеріне сәйкестендіру үшін жауапты бөлімдер тарапынан қабылданатын актілердің жоболарын мәслихатқа ұсыну міндеттелсін. Атап айтқанда:

 

2.1.Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне:

1) «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» ;

2) «Төлеби ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» ;

3) «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға   жұмсаған шығындарды өтеу тәртібін және мөлшерін белгілеу туралы»;

4)  «Төлеби аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 35/197-VI «Төлеби ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы»;

2.2. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне:

5) «Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы»;

6) «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету жөніндегі шығыстарды және жылу энергиясымен қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілген қызметтерге ақы төлеуге жұмсалатын шығыстарды төлеу немесе өтеу үшін азаматтарға әлеуметтік көмек беру»;

2.3. Аудандық заң бөліміне:

7) «Төлеби ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы»;

2.4. Аудандық жер қатынастары бөліміне:

8) «Төлеби ауданының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған жоспары туралы» Төлеби аудандық мәслихатының 2022 жылғы 12 тамыздағы № 18/108-VII шешімінің мерзімі  аяқталған;

9) Қолданылу мерзімі өткен «Аудан аумағындағы елді мекендердің шекарасын өзгерту туралы» бірлескен Төлеби аудандық мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №21/113-VII шешімі мен  аудан әкімінің  №526 қаулысын «Қала құрылысы жобаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі №505 бұйрығына сәйкес өзгерістермен қайта бекіту.

2.5. Аудандық әкономика және қаржы бөліміне:

10) Төлеби ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы.

 

  1. Әрбір қабылданған шешімдер бойынша шаралар ұйымдастырылып заңда көрсетілген мерзімде жазбаша мәслихатқа жауап жолдансын.

 

 

Аудандық мәслихаттың

төрағасы                                                                              Н.Қойбағаров 

 

 

Дата публикации
01 ноября 2024