19 шілде 2024 жыл №14/77-VІІІ
Аудандық мәслихаттың сегізінші
шақырылымындағы кезектен тыс он
төртінші сессиясының күн тәртібі туралы
Аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымындағы кезектен тыс он төртінші сессиясының күн тәртібіне мына төмендегі мәселелер енгізіліп, бекітілсін.
Аудандық мәслихаттың
төрағасы Н.Қойбағаров
19 шілде 2024 жыл №14/78-VІІІ
Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудің
барысында орын алып отырған кемшіліктерге
қолданылған шаралар мен жұмыстарды
жақсарту, халықты ауыз сумен сапалы әрі
тұрақты қамтамасыз ету жайлы
Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудің барысында орын алып отырған кемшіліктерге қолданылған шаралар мен жұмыстарды жақсарту, халықты ауыз сумен сапалы әрі тұрақты қамтамасыз ету жайлы «Ленгір су» МКК басшысы А.Ермекбайдың хабарламасын тыңдап, талқылап, сессия барысында айтқан сын- ескертпелер мен ұсыныс пікірлерге сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуде мердігерлермен түзілген келісім-шарттардың талаптарының дер кезінде орындалуына тиісті бақылау жасап, ауыз су жүйелеріндегі су көздерінің санитарлық ережелер мен талаптарға сай болуын тұрақты қадағалауда ұстау;
- алдағы уақытта қолға алынатын ауыз су нысандар құрылысының жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеу кезінде қала, ауыл округ әкімдерінің пікірін назарға алу;
- жүргізіліп жатқан су құбырлары нысандарының құрылыс жұмыстарының сапасын қатаң қадағалауға алып, тиянақты жұмыстар жүргізу;
- «Ленгір су» МКК-де қаржы шаруашылық жұмыстарында қарыздардың пайда болу себебіне талдау жасап, сауықтыру шараларын жүргізуді қолға алу;
- 2023-2024 жылдары «Ленгір су» МКК-нің жасаған жұмыстарына зерделеу жасап, елді мекендердегі маркалық ысырмалар (задвижка), дөңгелек су ыдысы (емкость) және ескі құрастырмалы гидранттарды сметалық құжаттамаларға сәйкес қайта ауыстырсын.
- ауданда халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарының өз дәрежесінде атқарылмай аудан халқы таза сапалы суға қол жеткізе алмай отырғандығы атап көрсетіліп, тиісті сала басшыларына шара көрілсін.
Аудандық мәслихаттың
төрағасы Н.Қойбағаров
19 шілде 2024 жыл №14/79-VІІІ
Ленгір қаласының №2 және №3
мөлтек аудандарының орталық
көшесіне атау беру туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 123 бабының 5-1) тармақсашына сәйкес және Түркістан облысы ономастика комиссиясының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, аудан әкімі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ленгір қаласының №2 және №3 мөлтек аудандарының орталық көшесіне атау беру
Аудан әкімі Т.Телғараев
Аудандық мәслихаттың
төрағасы Н.Қойбағаров
19 шілде 2024 жыл №14/79-VІІІ
Азаматтарға «Төлеби ауданының
құрметті азаматы» атағын беру туралы
Аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ауданға сіңірген еңбегі және қоғам өмірінің тиісті салаларындағы ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін:
тұрғыны.
Тургунбекулы
Жумабайулы
Кабылханкызы неврологі, Ленгір қаласының тұрғыны.
Абдрашулы Тараз қаласының тұрғыны.
Отарбайулы
Ментайулы
Даулетханович басқармасының бастығы, Түркістан
қаласының тұрғыны.
Жанузакович тұрғыны.
Алпысович ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің
бас инспекторы, Ленгір қаласының
тұрғыны.
Кадирбайулы тұрғыны.
Умирбекович
Ахылбекович
Касымулы
Примбетулы директоры, Ленгір қаласының тұрғыны.
Арзиматович Сұлтан рабат ауылының тұрғыны.
тұрғыны.
Айтбаевна
Наштайулы
Өмірбайұлы университеті Журналистика және
саясаттану факультетінің деканы,
Төңкеріс ауылының тұрғыны.
Шеримович директоры, Шымкент қаласының тұрғыны.
Окинбекулы тұрғыны.
Ауесбекулы Шымкент қаласының тұрғыны.
басқармасының инспекторы, Шымкент
қаласының тұрғыны.
Викторовна жүйесінің директоры, Ленгір қаласының
тұрғыны.
тұрғыны.
«Төлеби ауданының құрметті азаматы» атағы берілсін.
Аудандық мәслихаттың
төрағасы Н.Қойбағаров