28 наурыз 2024 жыл №11/61-VІІІ
Аудандық мәслихаттың сегізінші
шақырылымындағы кезекті он
бірінші сессиясының күн тәртібі туралы
Аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымындағы кезекті он бірінші сессиясының күн тәртібіне мына төмендегі мәселелер енгізіліп, бекітілсін.
Аудандық мәслихаттың
төрағасы Н.Қойбағаров
28 наурыз 2024 жыл №11/62-VІІІ
Аққұм ауылдық округі аумағында
ауыл әкімінің өзіне жүктелген міндеттерді
орындау барысы туралы есебі
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Заңдарында белгіленгендей Аққұм ауыл округі әкімінің өзіне жүктелген міндеттерді орындау барысы туралы Қ.Таменовтың хабарламасын тыңдап, талқылап, жиын барысында айтқан сын-ескертпелер мен ұсыныс пікірлерді ескере отырып, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- жаңадан салынған көшелерде инфрақұрылым жүйелерін жүргізуге тиісті құжаттар әзірлеу, әсіресе адамдар көп жүретін аяқ жолдар мен өзені бойларына салынған көпірлердің, оған келетін аяқ жолдардың адамдардың жүріп тұруына қауіпсіз ету жұмыстарын қолға алу;
- Аққұм-Көксәйек, Аққұм-Жаңатұрмыс бағыттары бойынша әзірленген жобалық-сметалық құжаттарға сәйкес жолды асфальттау жұмыстарына қолдау көрсету;
- «Жер Аманаты» жобасын іске асыру мақсатында жайылым жерлерді ауданның арнайы жер қорына қайтару бойынша жұмыстарды жалғастыру;
- Жаңаұйым елді мекеніне Алатау бағыты арқылы кіретін жол бойына 860 м аяқ жол салу және суағар орнату жұмыстарын жүргізу;
- округтің санитарлық ахуалын барынша жақсартуға, жасыл желектерді күтіп ұстауға ауыл тұрғындарын кеңінен тарту, оларға өз аулалары мен үй айналасын абаттандырып, таза ұстауға ықпал ету, түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
- халықтың көгілдір отынға, электр қуатына әсіресе жаз мезгілінде сапалы ауыз суға деген сұраныс қажеттілігін толық қанағаттандыруға тиісті шаралар қабылдау ұсынылсын.
Аудандық мәслихаттың
төрағасы Н.Қойбағаров
28 наурыз 2024 жыл №11/63-VІІІ
Мәдениет, тілдерді дамыту,
дене шынықтыру және спорт
бөлімінің есебі
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ә.Әсілбектің хабарламасын тыңдап, талқылап, жиын барысында айтқан сын-ескертпелер мен ұсыныс пікірлерді ескере отырып, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- бөлімнің құзыреті шегінде мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мен аудан халқының мәдениетін қайта түлетуге, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шаралар қабылдау;
- мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдайлар жасау және аудан аумағында тұратын талантты тұлғаларды қолдау мен тарихи-мәдени мұраны сақтау;
- елді мекендер шегінде әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешуге қатысты құжаттарды рәсімдеу кезінде «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы» және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңдылық талаптарының орындалуын қадағалау;
- Қасқасу ауылдық мәдениет үйі, Қостөбе және Диханкөл ауылдық клубтарының жылу жүйесін қатты отыннан сұйық отынға ауыстыру жұмыстарын жүргізу;
- Төлеби аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің материалдық-техникалық базасын жақсарту және ескірген, апатты жағдайдағы кітапхана ғимараттарын қайта жөндеу жұмыстарын жүргізуге қажетті құжаттарды әзірлеу;
- аудан көлемінде жеке кәсіпкерлер есебінен салынған спорт нысандарында аудан тұрғындарының спортпен тұрақты шұғылдануына жағдай жасау жолдарын қарастыру;
- қала және ауылдық округтерінде орналасқан латын қарпімен жазылған жарнамалар мен маңдайшаларды және көше атауларын кезең-кезеңімен кирилл қарпіне ауыстыру жұмыстарын жүргізу;
- ведомстволық бағынысты ұйымдарының инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету және материалдық-техникалық базасын нығайту;
- аудан аумағында бұқаралық спорт және ұлттық спорт түрлерінің дамуын қамтамасыз ету;
- материалдық техникалық базаны нығайту үшін аудандық мәдениет үйіне музыкалық аппаратура және ұлттық киімдер алу;
- аудан орталығынан заманауй мәдениет сарайын салу және мәдениет ошақтары жоқ ауылдық округтерге ауылдық клубтар салу жолдарын қарастыру ұсынылсын.
Аудандық мәслихаттың
төрағасы Н.Қойбағаров
28 наурыз 2024 жыл №11/65-VІІІ
Төлеби аудандық жер
комиссиясының құрамын
бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 15-бабы 1-тармағының 5-3) тармақшасына сәйкес, Төлеби аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аудандық мәслихаттың
төрағасы Н.Қойбағаров
Төлеби аудандық мәслихатының
2024 жылғы 28 наурыздағы №11/65-VІІІ
шешіміне №1 қосымша
Жер комиссиясының құрамы:
|
Серікбаев Лесбек Әуезханұлы |
|
Төлеби ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы; |
|
Амантай Бексұлтан Серікбайұлы |
|
Төлеби аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы. |
|
Мүшелері: |
||
|
|
|
|
|
Тургынбаев Куттымурат Байдуллаевич
Исабекұлы Даулет
|
|
Төлеби ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы;
Төлеби аудандық жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы;
|
|
Раимбеков Асхат Сайлаубекұлы
Жумалі Даулет Туралыұлы
|
|
Төлеби ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы;
Төлеби ауданы әкімінің аппараты заң бөлімінің басшысы; |
|
Мусаева Маржан Аскарбековна |
|
Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы Төлеби аудандық филиалының директоры (келісім бойынша); |
|
|
|
|
|
Казахбаев Нурбек Абдикаппарович
|
|
Төлеби аудандық қоғамдық кеңесінің мүшесі (келісім бойынша);
|
|
Турсынов Олжас Аблайханович |
|
Төлеби аудандық тіркеу және кадастр бөлімінің басшысы (келісім бойынша);
|
|
Мұздыбаев Қазбек Оразбайұлы
Ажибаев Нурдаулет Батырханович
Нышамбаев Хабидулла Рахматиллаулы |
|
«Акбұлақ» өндірстік кооперативінің төрағасы (келісім бойынша);
Төлеби аудандық мәслихат депутаты (келісім бойынша);
Төлеби аудандық мәслихат депутаты (келісім бойынша);
|
28 наурыз 2024 жыл №11/66-VІІІ
Кемеқалған ауылдық округі Қаратөбе
елді мекеніне ортақ жайылым ретінде жеке
меншіктегі 186,9 га жер телімін иеліктен шығару
келісім-шартын келісу туралы
Қазақстан Республикасының «Жер кодексінің» 84 бабына және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 62-1, 65 баптарына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аудандық мәслихаттың
төрағасы Н.Қойбағаров