10 қараша 2023 жыл №7/38-VІІІ
Аудандық мәслихаттың сегізінші
шақырылымындағы кезектен тыс
жетінші сессиясының күн тәртібі туралы
Аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымындағы кезектен тыс жетінші сессиясының күн тәртібіне мына төмендегі мәселелер енгізіліп, бекітілсін.
Аудандық мәслихаттың
төрағасы Н.Қойбағаров
10 қараша 2023 жыл №7/40-VІІІ
Қасқасу а/о қарасты 16,0 га жер
телімін рекреациялық аймақтарды
пайдалану тәртібі мен режимін
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы «Жер Кодексінің» 14-1 және 126 баптарына сәйкес, Төлеби аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Қасқасу а/о қарасты 16,0 га жер телімін рекреациялық аймақтарды пайдалану тәртібі мен режимін белгілеу туралы мәселе бойынша жан-жақты талдау жасалып, жергілікті тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін ескере келе, сондай-ақ құжаттардың толық болмауына байланысты кері қайтарылсын.
Аудандық мәслихаттың
төрағасы Н.Қойбағаров
10 қараша 2023 жыл №7/41-VІІІ
Ленгір қаласындағы жекелеген
көшелердің атауларын өзгерту
туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 16 бабы және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
«Ленгір қаласы №2 және №3 шағынаудандарының орталық көшесінің атауын «Зетбек Ташев»-деп өзгерту» туралы Ленгір қаласы әкімі М.Жұмабаевтың 01.11.2023 жылғы аудандық мәслихатқа жолдаған №230-08-09/880 санды хаты мәслихат аппараты тарапынан жүргізілген зерделеу қорытындысы бойынша заң талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты кері кері қайтарылсын.
Аудандық мәслихаттың
төрағасы Н.Қойбағаров
10 қараша 2023 жыл №7/42-VІІІ
Төлеби ауданының Құрмет
грамотасымен марапаттау туралы
Аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ауданға сіңірген еңбегі және қоғам өмірінің тиісті салаларындағы ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін:
Бақдаулетұлы Көксәйек ауылының тұрғыны
Бегимханович тұрғыны
Жумабайкызы мектебінің мұғалімі,Зағамбар ауылының тұрғыны.
4.Удербаев Абдумажит - зейнеткер, Алғабас ауылының тұрғыны
Есимбаевич бірлестігінің жетекшісі, Ақбастау ауылының тұрғыны.
Ералыұлы