Сегізінші шақырылымдағы Төлеби аудандық мәслихаттың кезекті бесінші сессиясында қабылданған шешімдер тізбесі

21 қыркүйек 2023 жыл             №5/33-VІІІ                                                                            

 

Аудандық  мәслихаттың  сегізінші                                                                               

шақырылымындағы  кезекті бесінші 

сессиясының күн тәртібі туралы

 

                           Аудандық мәслихат ШЕШІМ  ҚАБЫЛДАДЫ:

        Аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымындағы кезекті бесінші сессиясының күн тәртібіне мына төмендегі мәселе енгізіліп, бекітілсін.

  1. Өзіне жүктелген  функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы  аудан әкімінің  есебі.

 

Аудандық мәслихат төрағасының

міндетін уақытша атқарушы                                                         Т.Манкеев 

 

 

 

 

21 қыркүйек 2023 жыл             №5/34-VІІІ                                                                        

 

Өзіне жүктелген  функциялар мен міндеттердің

орындалуы  туралы  аудан әкімінің  есебі     

 

         Ауданның әлеуметтік-экономикалық  даму ахуалының барысы жайлы аудан әкімі Т.Телғараевтың есебін тыңдап, талқылап сессия барысында айтылған ұсыныс-пікірлерді ескере келе, мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

        Есеп беріліп отырған мерзімдегі ауданның жалпы әлеуметтік-экономикалық ахуалы және оны дамыту туралы аудан әкімінің есебі назарға алынып, бұл бағытта ауданда бірқатар ауқымды жұмыстардың атқарылып жатқандығы атап көрсетілсін.

  1. Аудан әкіміне:
  • ауданның әлеуметтік-экономикалық даму ахуалын жақсарту мақсатында алға қойылған межелерді орындау үшін салық төлемдерінің қосымша көздерін табуды қарастырып, салықтық түсімдердің көлемін арттыру сондай–ақ қала және ауыл  округтеріне  бекітілген  салық түсімдерін толық орындалуын қамтамасыз ету;  
  • Президенттің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауынан туындаған мемлекеттік және аумақтық бағдарламаларда көзделген шараларды уақтылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету;
  • тамшылатып суғару, жылыжай салу, көкөніс, жаңғақ, қарқынды бау егу, суармалы жердің көлемін ұлғайту, «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысу арқылы ауылшаруашылық саласын дамыту;
  • халықтың сапалы ауыз су, ағын су мен көгілдір отынға, электр қуатына деген сұранысын толық қанағаттандыруға қол жеткізу үшін тиісті мекемелердің жұмысын жандандыруға шаралар қолдану ұсынылсын.

 

Аудандық мәслихат төрағасының

міндетін уақытша атқарушы                                                         Т.Манкеев  

Дата публикации
16 октября 2024