02 маусым 2023 жыл №3/16-VІІІ
Аудандық мәслихаттың сегізінші
шақырылымындағы кезектен тыс
үшінші сессиясының күн тәртібі туралы
Аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымындағы кезектен тыс үшінші сессиясының күн тәртібіне мына төмендегі мәселелер енгізіліп, бекітілсін.
Аудандық мәслихаттың
төрағасы Н.Қойбағаров
02 маусым 2023 жыл №3/17-VІІІ
Аудан бойынша құрылыс
жұмыстарының жүргізілу
барысы жайлы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, «Аудан бойынша құрылыс жұмыстарының жүргізілу барысы жайлы» аудан әкімінің орынбасары Л.Серікбаевтың баяндамасын тыңдап, талқылап, жиын барысында айтқан сын-ескертпелер мен ұсыныс пікірлерді ескере отырып, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік нысандар құрылысының барысын үнемі назарда ұстау;
- мердігерлермен түзілген мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарттардың талаптарына сәйкес құрылыс жұмыстарының кешіктіргені үшін мердігер мекемелерге белгіленген тәртіппен шаралар көру;
- құрылыс жұмыстарының сапасына ерекше мән беріп, тұрақты қадағалауға алып, құрылыс-монтаж жұмыстарын өндірістік- жұмыс жүргізу кестесіне сәйкес аяқтау үшін мердігерлер мен тапсырыс беруші мекемелер тарапынан тиісті жұмыстарды ұйымдастыру;
- халықты ел басқару ісіне араластыра отырып, әр бір құрылыс нысандары бойынша қоғамдық бақылау посттарын ұйымдастыру;
- атқарылып жатқан жұмыстар жайлы ақпаратты әлеуметтік желіде, интернет-ресурста және халыққа қол жетімді бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихаттау ұсынылсын.
Аудандық мәслихаттың
төрағасы Н.Қойбағаров
02 маусым 2023 жыл №3/18-VІІІ
Ауданда «Мемлекеттік сатып алу туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының
орындалу барысы жайлы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, «Ауданда «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалу барысы жайлы» аудан әкімінің орынбасары Б.Құралбаевтың баяндамасын тыңдап, талқылап, жиын барысында айтқан сын-ескертпелер мен ұсыныс пікірлерді ескере отырып, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- мемлекеттік сатып алу конкурстарының заңында көзделмеген біліктілік талаптарын белгілеу, техникалық ерекшеліктерде жіберілген қателіктер анықталған жағдайда жауаптылардың тәртіптік жауапкершілігін қарау;
- мемлекеттік сатып алу конкурстарын өткізу барысында кемшіліктерді болдырмау мақсатында, сондай-ақ қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкес бағдарлама әкімшілері бойынша да мониторинг жұмыстарын кеңінен жүргізу;
- сатып алу саласындағы жұмыстарды жандандыру үшін, келісімдері бойынша білікті кадрларды және мәслихат депутаттарын комиссия құрамына тарту;
- тапсырыс беруші мен ұйымдастырушылардың білім деңгейін арттыру мақсатында, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсіндірме, оқыту жұмыстарын ұйымдастыру;
- атқарылып жатқан жұмыстар жайлы ақпаратты халыққа қол жетімді бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурста және әлеуметтік желіде кеңінен насихаттау ұсынылсын.
Аудандық мәслихаттың
төрағасы Н.Қойбағаров
02 маусым 2023 жыл №3/20-VІІІ
Төлеби аудандық мәслихатының 2021 жылғы
17 наурыздағы №3/21-VІІ «Төлеби аудандық
жер комиссиясының құрамын бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 15-бабы 1-тармағының 5-3) тармақшасына сәйкес, Төлеби аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Төлеби аудандық жер комиссиясының құрамынан Б.Оралбеков, А.Конкабаев, Қ.Қансейтов, Ж.Нысанбаев шығарылып, оның құрамына аудандық мәслихатының депутаты Н.Ажибаев, Төлеби аудандық қоғамдық кеңесінің мүшесі А.Усипбеков, Төлеби аудандық тіркеу және кадастр бөлімінің басшысы О.Турсынов, аудандық мәслихаттың депутаты И.Ашірбеков енгізілсін.
Аудандық мәслихаттың
төрағасы Н.Қойбағаров
02 маусым 2023 жыл №3/21-VІІІ
Төлеби ауданының Құрмет
грамотасымен марапаттау туралы
Аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ауданға сіңірген еңбегі және қоғам өмірінің тиісті салаларындағы ұзақ жылғы жемісті еңбегі үшін:
Оспанқызы әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас
маманы, Сұлтан рабат ауылының тұрғыны
Алпысұлы инспекторлық бөлімінің бас инспекторы,
Ленгір қаласының тұрғыны
Утебенұлы Зертас ауылының тұрғыны.
4.Тұртаев Асқар - «Жарық жол» мекемесінің директоры,
Балтабайұлы Ленгір қаласының тұрғыны
Кайпұлы Ленгір қаласының тұрғыны
директорының орынбасары,
Алғабас ауылының тұрғыны.
Төлеби ауданының Құрмет грамотасымен марапатталсын.
Аудандық мәслихаттың
төрағасы Н.Қойбағаров