Қоғамдық кеңес мүшелерінің НҚА жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізуге қатысуы бойынша Ұсынымдар

Қазақстан Республикасының

Мәдениет және ақпаратминистрлігі

 Азаматтық қоғам істері комитеті

 

  

 

Қоғамдық кеңес мүшелерінің НҚА жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізуге қатысуы бойынша

Ұсынымдар

  

Астана қ., 2024 жыл

 

 Кіріспе. Заңнамадағы реттеу

 

         «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қоғамдық кеңес мүшелерінің «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің (НҚА) жобаларын әзірлеуге және талқылауға қатысуға құқығы бар.

Мұндай құқық Қоғамдық кеңес мүшелеріне НҚА жобаларына қоғамдық сараптама жүргізуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда қоғамдық кеңестерге олардың тиімділігін, ашықтығы мен танымалдылығын арттыруға оң әсер ететін бірқатар маңызды міндеттер қойылды.

Осындай міндеттердің бірі - Қоғамдық кеңес мүшелерін НҚА жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу жөніндегі жұмысқа тарту болып табылады.

Ақпарат тәртібінде, Қоғамдық кеңес мүшелерінің НҚА жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізуге қатысуы жөніндегі мәселелер жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмаларын орындау мақсатында бекітілген Барлық деңгейдегі қоғамдық кеңестердің қызметін жандандыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына енгізілгенін назарға саламыз.  

Сонымен қатар, НҚА жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізуге Қоғамдық кеңес мүшелерін тарту жөніндегі ұсынымдар қоғамдық кеңестердің 2022, 2023 жылдардағы қызметі туралы Ұлттық баяндамаларда көрсетілген.

Осы мәселені шешудің маңыздылығы мен орындылығын ескере отырып, қоғамдық кеңестердің қызметі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган (ҚР МАМ) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) бірлесіп, Қоғамдық кеңес мүшелерінің НҚА жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізуге қатысуы бойынша осы ұсынымдарды әзірледі.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама дегеніміз не

және ол қалай жүргізіледі?

 

         Құқықтық актілер туралы заңнамаға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама НҚА жобалары бойынша жүргізілетін ғылыми сараптама нысандарының бірі болып табылады.

         НҚА жобаларына жүргіізілетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың мақсаты - сыбайлас жемқорлық нормаларын анықтау, сондай-ақ оларды жоюға бағытталған ұсынымдарды әзірлеу болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу Ғылыми сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ ғылыми сарапшыларды іріктеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады, бұдан әрі- Қағидалар (Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 12.07.2023 ж. № 135, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 11.07.2023 ж. № 223 және Әділет министрінің 11.07.2023 ж. № 473 бірлескен бұйрығымен бекітілген)

НҚА жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу жөніндегі жауапкершілік Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне (бұдан әрі - Ұйымдастырушы) жүктеледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама Парламенттің қарауына енгізілетін заңнамалық актілердің жобалары бойынша жүргізіледі (Президенттің заңнамалық бастамасы тәртібімен әзірленген заңнамалық актілердің жобалары және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізілмейді).

Нормативтік құқықтық актінің жобасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама Әділет Министрлігіне немесе оның аумақтық органдарына келісуге енгізілгенге дейін жүргізіледі.

Бүгінгі таңда қолданыстағы заңнамада Қоғамдық кеңес мүшелеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізуге тікелей қатысуға мүмкіндік беретін тиісті құқықтық нормалар жоқ.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ақпараты бойынша, НҚА жобаларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптау жөніндегі жұмысқа Қоғамдық кеңес мүшелерін тарту қолданыстағы Қағидаларды сақтаған жағдайда мүмкін болады.

Бұл жерде жоғары тұрған мемлекеттік органдардың мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп НҚА жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізудің жаңа тетіктерін әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өту маңызды.

Бұл ретте НҚА жобасы бойынша қажетті материалдарды «Ашық НҚА» порталында одан әрі қараудың қолданылуын түсіндіре отырып орналастыру жоспарлануда.

Осыған байланысты, уәкілетті орган осы бағытта бұдан әрі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен, оның ішінде қоғамдық кеңестердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамаға қатысу тетіктерін қарау кезіндеөзара бірлесіп тығыз жұмыс атқаратынын хабарлайды.

Осы мәселелерді қоғамдық кеңестердің ағымдағы қызметінде қарау барысында уәкілетті орган Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының ережелерін мүлтіксіз сақтау туралы ұсыным білдіреді.          

           

           

Дата публикации
11 мая 2024