Төлеби аудандық мәслихатының және мәслихат аппаратының 2024 жылға арналған жұмыс  жоспары

                                                                                                       «БЕКІТЕМІН»

        Аудандық мәслихаттың

                                                                          төрағасы

                                                                                      _____________          Н.Қойбағаров

                   09  қаңтар  2024 жыл

 

Төлеби аудандық мәслихатының және мәслихат

аппаратының 2024 жылға арналған

жұмыс  жоспары

 

Р/с

Атқарылатын жұмыстар

 

Орындалу мерзімі

Жауаптылар

1

2

3

4

1. Сессияда қаралатын мәселелер

1

Аққұм ауылдық округі аумағында  ауыл  әкімінің өзіне жүктелген міндеттерді  орындау  барысы  туралы  есебі

 Наурыз

 

 

 Х.Нышанбаев, Ә.Қалықұл

2

Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің есебі.   

Наурыз

Б.Өмірәлі, Ф.Қалтаева

3

2023  жылға  арналған аудан бюджетінің орындалуы туралы

Маусым

Т.Манкеев,

М.Паңбай

4

  Қала, ауылдық округтері бюджеттерінің орындалуы жайлы

Маусым

Т.Манкеев,

М.Паңбай

5

Ауданда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту барысы жайлы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің есебі

Маусым

Б.Өмірәлі, Ф.Қалтаева

6

  Өзіне жүктелген  функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы  аудан әкімінің   есебі

 Қыркүйек

Б.Кемелов

7

 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы

 Желтоқсан

Т.Манкеев,

М.Паңбай

8

 2025-2027 жылдарға арналған қала, ауылдық округтердің бюджеттері туралы

 Желтоқсан

Т.Манкеев,

М.Паңбай

 

2. Тұрақты комиссиялармен атқарылатын жұмыстар

 

1

 Тұрақты комиссиялардың жұмыс жоспарларын анықтап, дайындап бекітіп алу

 Қаңтар  

Б.Кемелов,

жауапты мамандар  

2

Төлеби аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің құзыреті шегіндегі мемлекеттік сатып алу барысындағы заң талаптарының орындалуы туралы

Ақпан

Б.Өмірәлі,

Ф.Қалтаева, тұрақты комиссия мүшелері       

3

Қасқасу ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген міндеттерінің орындау барысы туралы

Ақпан

Т.Манкеев,

М.Паңбай,  тұрақты комиссия мүшелері              

4

Ленгір қаласындағы жаңадан салынып жатқан кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстарының сапасы туралы

  

Ақпан

Х.Нышанбаев, Ә.Қалықұл,  

тұрақты комиссия мүшелері            

5

 «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалының Төлеби аудандық тіркеу және жер кадастр бөлімінің қызметі туралы

  Сәуір

Б.Өмірәлі,

Ф.Қалтаева, тұрақты комиссия мүшелері        

6

Ауданда мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдайдың жасалуы бойынша, маңызды нысандарда пантустың талапқа сай орнатылуы туралы

Сәуір

Б.Өмірәлі,

Ф.Қалтаева, тұрақты комиссия мүшелері       

7

Төлеби аудандық «Жарық жол» МКК-нің атқарып жатқан жұмыстарының есебі.

    

 Сәуір

Т.Манкеев,

М.Паңбай,  тұрақты комиссия мүшелері              

8

 

 «Төлеби су шаруашылығы» МКК-нің атқарып жатқан жұмыстарының барысы жайлы есебі

  Сәуір

 

  

Х.Нышанбаев, Ә.Қалықұл,  

тұрақты комиссия мүшелері            

9

Төлеби аудандық «Саябақтары» КММ атқарып жатқан жұмыстарының есебі.

 

Тамыз

Т.Манкеев,

М.Паңбай,  тұрақты комиссия мүшелері              

10

 Төлеби ауданында қоғамдық тәртіпті және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жергілікті полиция қызметінің жұмысы туралы

Тамыз

Б.Өмірәлі,

Ф.Қалтаева, тұрақты комиссия мүшелері              

11

1.           2023 жылғы күз айларында және 2024 жылғы көктем айларында егілген ағаштардың өсіп-өнуі жайлы 

 Тамыз

 Х.Нышанбаев,  Ә.Қалықұл,

тұрақты комиссия мүшелері            

12

  Ауданда ауылшаруашылық саласын дамытуға бағытталған субсидиялау бағдарламаларының және «Ауыл аманаты» жобасының жүзеге асырылу барысы жайлы

 Қараша

Б.Өмірәлі,

Ф.Қалтаева, тұрақты комиссия мүшелері              

13

 Төлеби аудандың кірістер басқарамасының 2023 жылы түсірген салықтарының түсімі жайлы

 

Қараша

Т. Манкеев,

М.Паңбай,  тұрақты комиссия мүшелері     

14

 Аудан бойынша экологиялық апат болуы мүмкін жер қойнаулары, карьерлердің жағдайы жайлы

 

  Қараша

Х.Нышанбаев,  Ә.Қалықұл,    

тұрақты комиссия мүшелері                     

 

  1. Аппараттың ұйымдастыру жұмыстары

1

Депутаттардың сайлаушылармен тұрақты байланыста болуын, олардың халыққа аудандық мәслихаттың жұмыстары туралы ұдайы хабардар етіп отыруын, қоғамдық пікірлерді зерделеп тиісті атқарушы органдарға мәселелер мен ұсыныстар енгізіп отыруын ұйымдастыру  

 

Тұрақты

 

Б.Кемелов

2

Мәслихат аппараты жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында мәслихаттың,  депутаттардың қызметтері, өткізілген шаралар мен тұрақты комиссиялардың отырыстары туралы ақпараттарды ұдайы бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және веб-сайтта жариялап отыру.

 

Тұрақты

 

 Ә.Қалықұл

3

Депутаттардың жұмыстарында бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіншіліктерін белсенді пайдалану.  Газет беттерінде редакцияларымен бірге «Депутат мінбері» айдарының шығарылуын ұйымдастыру                                                 

 

Тұрақты

 

М.Паңбай

 

4

Жоғарғы органдардан,  аудан және ауыл әкімдерінен, қоғамдық бірлестіктерден,  кәсіпорын-мекемелерден, түскен құжаттарды, аудандық мәслихат сессияларында  депутаттар айтқан сын-ескертпелерді сондай-ақ аудан тұрғындарынан келіп түскен арыз өтініштерді дер кезінде тіркеуден өткізіп, бақылауға алу және ол құжаттарды тиісті органдарға уақтылы жіберіп, олардың орындалуын қадағалау.

Тұрақты

Б. Кемелов

 

5

Жергілікті атқарушы органдардан, мекемелер мен ұйымдардан,  қоғамдық бірлестіктерден келіп түскен награда жөніндегі құжаттардың дұрыстығын тексеріп, оларды ұдайы аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясы мен сессиясының қарауына енгізіп отыру

Тұрақты

 М.Паңбай

6

 

Аудандық мәслихат шешімдерін электронды құжат нұсқада мемлекеттік тіркеуге жіберу және тіркелген шешімдердің эталондық баспада уақтылы жариялануын қамтамасыз ету

  НҚА-лер қабылданған кезде

 

 М.Паңбай

7

Нормативтік-құқықтық актілерге мониторинг жүргізу

Жылына  2 рет

 М.Паңбай

8

Аудандық мәслихатта қабылданған шешімдердің тізімін Әділет департаментіне қолма қол және электрондық нұсқада жолдау

 Тоқсан сайын

М.Паңбай

9

Мәслихат аппаратында тіркелген 1-ОЛ нысанды есебін тұрақты жүргізіп, есебін өткізу

Тоқсан сайын

 М.Паңбай

10

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі  департаментке тиісті есептерді уақтылы  жіберіп отыру

Ай сайын,

тоқсан сайын

  Ә.Қалықұл

 

4. Депутаттар мен мәслихат аппараты қызметкерлерінің оқуын ұйымдастыру.

1

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңы

 Қаңтар

Б.Кемелов

2

Төлеби аудандық мәслихатының регламенті

Ақпан

Б.Кемелов

3

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы

Наурыз

М.Паңбай

4

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі

Мамыр

М.Паңбай

 

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы»  Қазақстан Республикасы Заңы  

Шілде

  Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі

2

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңның баптары  бойынша  аппаратта оқу өткізу 

 Тамыз

М.Паңбай

 

  1.   Аудандық мәслихат депутаттарымен жүргізілетін жұмыстар

1

Депутаттардың сайлаушылармен  кездесулерін ұйымдастыру.

  Тұрақты 

 Б.Кемелов ,

жауапты мамандар

2

Аудандық мәслихат төрағасының   ауыл округтерінде, қалада  халықпен   кездесуін өткізу   

 Тұрақты

Б.Кемелов,

 жауапты мамандар

 

6. Кадрлармен жүргізілетін жұмыс

1

Аудандық мәслихат аппараты қызметкерлерінің аттестация кестесін дайындап, мемлекеттік қызмет істер жөніндегі облыстық басқармасына ұсыну

Тұрақты

 Ә.Қалықұл

 

2

Аппаратта келісім шарт бойынша жұмыс жасап жүрген қызметкерлердің келісім шарттарының Еңбек Кодексінің талаптарына сәйкес болуын қадағалап отыру

Тұрақты

 Б.Кемелов

 

3

Аппарат қызметкерлерінің білімін жетілдіру кестелерін дайындап бекіту және тиісті орындарға сұраныс жолдау, оның қаражаттарын аудару

Тұрақты

  Ә.Қалықұл

Г.Лауламбекова

5

Мәслихат аппараты қызметкерлерінің 2023 жылдың салық декларациясын тапсыруын ұйымдастыру

 Ақпан

 Г.Лауламбекова

6

Кадрлық жұмыс бойынша кестелерді толтырып, есебін өткізу

Жылына 2 рет

   Ә.Қалықұл

7

«Б» корпусындағы Төлеби ауданы мәслихат аппараты мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау

Тоқсан сайын, жыл сайын

  Ә.Қалықұл

 

 

Мәслихат аппартының

      басшысы                                                                                       Б.Кемелов

 

 

Дата публикации
05 февраля 2024