Сегізінші шақырылымдағы Төлеби аудандық мәслихаттың кезекті отыз сегізінші сессиясында қабылданған шешімдер тізбесі

Өзіне жүктелген  функциялар

мен міндеттердің орындалуы 

туралы аудан әкімінің  есебі  

       

 

Ауданның әлеуметтік-экономикалық  даму ахуалының барысы жайлы аудан әкімі Е.Әлімқұловтың есебін тыңдап, талқылап сессия барысында айтылған ұсыныс-пікірлерді ескере келе, мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

 1.Есепті кезеңдегі ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы аудан әкімі Е. Әлімқұловтың есебі назарға алынсын.

2. Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін арттыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар ескерілсін.

3. Аудан әкіміне:

1). аудан бюджетінің кіріс бөлігін ұлғайту мақсатында салықтық түсімдердің қосымша көздерін анықтау, салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің бюджетке уақтылы әрі толық түсуін қамтамасыз ету, салықтық әлеуетті арттырудың пайдаланылмай отырған резервтерін анықтау жөніндегі жұмыстарды күшейту;

- ауылдық елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін тұрақты бақылауда ұстап, қолданыстағы су жүйелерінің техникалық жағдайын зерделеу, қажетті жобаларды әзірлеу және қаржыландыру көздерін айқындау;

- суармалы жерлерді ағын сумен қамтамасыз ету мақсатында су арналары мен каналдардың жай-күйін түгендеп, жөндеуді қажет ететін су нысандарын қалпына келтіру бойынша тиісті шаралар қабылдау;

- аудан аумағындағы демалыс аймақтары мен туризм объектілерінің экономикалық әлеуетін тиімді пайдалану, олардың қызметіне тұрақты мониторинг жүргізу және туризм саласының аудан экономикасына қосатын үлесін арттыру жөнінде шаралар қабылдау;

2). Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөліміне:

- №3 кәріздік тазарту қондырғысының (КОС-3) құрылыс жұмыстарын сапалы әрі уақтылы аяқтауды, құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысы мен сапасына тұрақты бақылау жүргізуді және объектіні белгіленген тәртіппен пайдалануға беруді қамтамасыз ету;

- аудан аумағында салынып жатқан автомобиль жолдарының жай-күйіне зерделеу жүргізіп, аяқталмай қалған жол құрылыстарын аяқтау үшін қажетті қаржыландыру мәселесін қарастыру;

3). Аудандық құрылыс және сәулет, қала құрылысы бөліміне:

- аудан аумағындағы инфрақұрылым тартылған елді мекендерде жер учаскелерін құрылысқа рәсімдеу және беру мәселесін қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестендіру ұсынылсын.

 

Аудандық мәслихаттың

төрағасы                                                                                         Н.Қойбағаров      

Дата публикации
30 сентября 2026