Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
tolebi_maslihat@mail.ru
Аккаунты соц. сетей:
Укубаев Сейдилла Жандиллаұлы
Төлеби аудандық мәслихатының депутаты
Общая информация, образование

Укубаев Сейдилла Жандиллаұлы

1963 жылы 25 шілдеде туылған

 

Карьера

Укубаев Сейдилла Жандиллаұлы 1963 жылы 25 шілдеде Төлеби ауданының Көксәйек ауылында дүниеге келген. 1979 жылы Георгив (қазіргі М.Х.Дулати атындағы) орта мектебінің сегізінші сыныбын бітіріп, кешкі мектепте оқи жүріп «Победа» колхозының құрылысшылар бригадасында еңбек жолын бастаған. 1981 жылдан бастап трактор-егіс бригадасында комбайншы болған. 1985 жылы кеңес армиясы қатарынан оралып, колхозда спорт жөніндегі нұсқаушы, егін орағы науқанында комбайн жүргізген. 1989 жылы Мақтаарал совхоз техникумын инженер-механик мамандығы бойынша бітіріп, осы шаруашылықтың тракторшылар бригадасын бухгалтер болып еңбек жолын жалғастырған. 1992-1998 жылдар аралығында трактор-егіс бригадасында басшылық жасады. 1997 жылы «Победа» колхозы, «Жеңіс» өндірістік кооперативті болып қайта құрылды. 1998 жылы қазан айында «Жеңіс» өндірістік кооперативінің төрағасы болып сайланып, бүгінге дейін осы ұжымға басшылық жасап келеді. Өнегелі отбасы басшысы. Зайыбы Нұржамал Оспанбекқызы екеуі алты перзент тәрбиелеп өсіруде. Еселі еңбегі

үшін бірнеше медальдармен, төсбелгілерімен, кезінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хатымен марапатталған.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы