Аудандық мәслихат төрағасы Б.Шаимов пен аудандық мәслихат депутаты Ә.Көшербаев Жақсымай ауылдық округіне жұмыс сапарымен барып, әлеуметтік нысандардың алдағы қысқы жылыту маусымына дайындығын зерделеді.
Жұмыс барысында білім беру ұйымдарының жылыту жүйесі мен қазандықтарының жай-күйі назарға алынып, тиісті шаралар қабылдау қажеттігі атап өтілді.
Қысқы жылыту маусымына дайындықты сапалы ұйымдастыру, әлеуметтік нысандардың жылу жүйелерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету – басты назардағы мәселелердің бірі.
Мәслихат төрағасы мен мәслихат депутаты округ тұрғындарымен кездесіп, «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткізілуі тиіс сенбіліктердің сапалы атқарылуы пысықталды. Депутаттардың атқарған жұмысынан да тұрғындарды хабардар етті.
Сонымен қатар, ауылдық округ аумағындағы абаттандыру жұмыстары мен жасыл желектің жай-күйі қаралды.
Көшелердегі отырғызылған талдардың шығымы жақсы екені байқалды. Айта кетерлігі, округ әкімі С.Төлеуов тал егуде өз қолдарымен дайындаған 200 түп терек көшеттерін пайдаланатындығын айтты.
Бүгін аудандық мәслихаттың құрылыс, көлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, аграрлық, денсаулық сақтау, экология және әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.
Комиссия отырысына комиссия мүшелері, аудандық бөлім, мекеме басшылары қатысты. Күн тәртібіне сәйкес Темір ауданында қысқы кезеңге дайындық: аудан нысандары мен мектептердің жылыту маусымына дайындығы және Шұбарқұдық ауылдық округінің қысқа дайындығы туралы мәселелер қаралды.
Комиссия отырысы барысында аудандағы әлеуметтік нысандардың, көп қабатты тұрғын үйлер мен мектептердің қысқы жылыту маусымына дайындығы, атқарылған жұмыстары мен алға қойған жоспарлары талқыланды.
Баяндамашыларға комиссия мүшелері ұсыныстарын айтып, қажетті шараларды қабылдау үшін тиісті мекемелермен бірлесе жұмыс жасауды ұсынды.
Темір аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Қойшыбаев Жандәурен Баймағамбетұлы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «Мемлекеттік басқару» білім беру бағдарламасы бойынша, Темір аудандық мәслихаты аппаратының бас маманы Оспанов Жанболат Бағдатұлы «Мемлекеттік сектордағы цифрлық талдау және жасанды интеллект» білім беру бағдарламасы бойынша мемлекеттік білім беру гранты негізінде оқуға түсті.
Бұл - мамандардың кәсіби әлеуетін арттырумен қатар, мемлекеттік басқару саласындағы заманауи тәсілдерді тәжірибеге енгізуге бағытталған маңызды қадам. Аталған білім беру бағдарламаларының мазмұны бүгінгі мемлекеттік басқару жүйесінің негізгі басымдықтарымен тікелей сабақтас. Бірі – мемлекеттік басқарудың заманауи тәсілдерін терең меңгеруге бағытталса, екіншісі – мемлекеттік секторда цифрлық талдау мен жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалануға қажетті құзыреттерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміздің цифрлық трансформациясына ерекше мән беріп, жасанды интеллектіні мемлекеттік басқару жүйесіне кеңінен енгізудің маңызын атай отырып, Қазақстанды жаппай цифрлық елге айналдыру міндетін қойды. Осы стратегиялық міндеттерді жүзеге асыруда білікті, заманауи білімді мемлекеттік қызметшілерді, кадрларды даярлаудың иделогиясы мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртудың маңызды бағыттарының бірі болып табылады.
Осындай мүмкіндіктерге ие болған әріптестеріміздің оқу жылына сәттілік тілейміз! Академия қабырғасында алған білімдері мен жинаған тәжірибелерін ел игілігі жолында тиімді көрсетіп, ауданымыз бен еліміздің дамуына зор үлес қосады деп сенеміз!
Бүгін аудандық мәслихат төрағасы Б. Шаимовтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырық тоғызыншы сессиясы өтті.
Сессия жұмысына аудан әкімі А. Жақсылықов, аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімі, бөлім басшылары қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ж. Шаменов Темір аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №388 «2026–2028 жылдарға арналған Темір аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы баяндама жасады. Ұсынылған өзгерістер депутаттар тарапынан жан-жақты талқыланып, сауалдар қойылып, ұсыныстар айтылды.
Сонымен қатар, сессия барысында күн тәртібіне енгізілген өзге де мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.
Сессия қорытындысы бойынша қабылданған шешімдер ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, бюджеттік қаражаттың тиімді әрі мақсатты игерілуіне және алдағы кезеңдегі жоспарланған жұмыстарды сапалы жүзеге асыруға бағытталды.
Бүгін, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының басты құжаты - Конституция заңды күшіне енді. Бұл – мемлекетіміздің құқықтық және саяси дамуындағы тарихи маңызы зор оқиға.
2026 жылғы 15 наурызда өткен жалпыхалықтық референдум арқылы қабылданған Ата Заң кіріспеден, 11 бөлім мен 95 баптан тұрады.
Онда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері күшейтіліп, заң үстемдігін қамтамасыз етуге ерекше мән берілген. Сонымен қатар мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыруға және азаматтардың ел басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған жаңа нормалар енгізілді.
Ата Заңда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі, егемендігі, аумақтық тұтастығы және унитарлық құрылымы өзгермейтін құндылықтар ретінде сақталған. Сонымен бірге адам капиталының дамуы, білім мен ғылымды қолдау, инновацияны дамыту, цифрлық құқықтарды қорғау және экологиялық жауапкершілік сияқты жаңа басымдықтар конституциялық деңгейде бекітілді.
Бүгін аудандық мәслихат төрағасы Б. Шаимовтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезекті қырық сегізінші сессиясы өтті.
Сессия жұмысына аудан әкімінің міндетін атқарушы Р. Құдайбергенов, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық бөлімдердің басшылары қатысты.
Сессияның күн тәртібінде ауданның, қала және ауылдық округтердің 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы мәселелер және өзге де маңызды сұрақтар қаралды.
Аудандық бюджеттің атқарылуы жөнінде аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ж. Шаменов баяндама жасады. Сонымен қатар, қала және ауылдық округтердің бюджеттерінің орындалуы туралы тиісті әкімдер есеп беріп, атқарылған жұмыстар мен қаржының игерілу барысы жөнінде ақпарат ұсынды.
Жиын барысында күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, депутаттар тарапынан ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Сессия барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жұмыстардың тиімділігі мен алдағы кезеңге арналған міндеттер де сөз болды.
ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Бүгін аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, кәсіпкерлік, құқық тәртібі, депутаттық өкілеттіктер және этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.
Комиссия отырысына тұрақты комиссия мүшелері, аудандық бөлімдер мен мекеме басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Отырыс барысында ауданның, қала және ауылдық округтердің 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы мәселелер жан-жақты қаралды. Баяндамалар тыңдалып, бюджет қаражатының игерілуі мен атқарылған жұмыстарға талдау жасалды.
Сонымен қатар, аудандық кірістер басқармасы тарапынан қала және ауылдық округ әкімдеріне салық базасын кеңейту және салық түсімдерін арттыру бағытында сапалы әрі жүйелі жұмыс жүргізу жөнінде ұсыныстарын жеткізді.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша комиссия мүшелері өз пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, тиісті ұсынымдар қабылданды.
АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Бүгін аудандық мәслихат төрағасы Б.Шаимовтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессия отырысы өтті. Сессия отырысына аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасары М.Орынбасар, бөлім, мекеме басшылары, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы, сондай-ақ қала және ауылдық округ әкімдері Zoom платформасы арқылы қашықтықтан қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес сессия отырысында Чернобыль атом электр станциясындағы апат салдарын жоюдың 40-жылдығына орай Темір ауданы бойынша мұқтаж азаматтарының санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы және аудан әкімінің ұсынысы бойынша аудандық комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды.
Аталған мәселелерге байланысты аудандық мәслихат депутаттары сұрақтарын қойып, тиісті шешімдерін қабылдады.
Бүгін аудандық мәслихаттың құрылыс, көлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, аграрлық, денсаулық сақтау, экология және әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысы өтті. Тұрақты комиссия отырысына аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасары, бөлім, мекеме басшылары қатысты.
Тұрақты комиссияның күн тәртібінде "Өрт қауіпсіздігіне қарсы қабылданған шаралар туралы" және "Жаз мезгіліндегі суға шомылу маусымына дайындық туралы" мәселелері қаралды.
Аудандық мәслихат депутаттары баяндамашыларға сұрақтарын қойып, мәселені шешуге қатысты бірнеше ұсыныстарын айтты.
Өртке қарсы қызметтің, балалардың жазғы каникул кезіндегі суға шомылу маусымындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аудандық полиция бөлімі, білім беру мекемелерімен барынша тиімді ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар мен кеңестер айтылды.
Құрметті қазақстандықтар!
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – татулық пен достықтың, бірлік пен ынтымақтың жарқын көрінісі. Кең байтақ қазақ жерінде 130-дан астам ұлт пен этнос өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келеді. Бұл – еліміздің басты байлығы әрі берекелі тірліктің негізі.
Еліміздің іргесі берік, бірлігіміз бекем болсын! Бейбітшілігіміз мәңгілік, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақыт пен береке тілеймін!
Мереке құтты болсын!
Құрметпен,
Темір аудандық мәслихатының төрағасы
Б. Шаимов