Темір ауданы тұрғындарының және аудандық мәслихаттың сегізінші сайланымының депутаттарының назарына!

         2023 жылғы 25 желтоқсандағы сағат 10:00-де  Темір аудандық мәслихатының сегізінші сайланымының  кезекті он үшінші сессиясы шақырылады.

Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:

  1. 2024–2026 жылдарға арналған Темір аудандық бюджетін бекіту туралы
  2. 2023 жылғы атқарылған жұмыстар туралы Темір аудандық мәслихаты төрағасының есебі.
  3. Аудандық мәслихаттың 2024 жылғы арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.
  4. С.Е.Аманбаевқа, А.Ә.Орынбаевқа «Темір ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы.
  5. Темір ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін  келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен  саласындағы мамандарға, ауылдық  округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2024 жылға әлеуметтік  қолдау көрсету туралы.
  6. Темір ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, халық үшін тұрмыстық  қатты қалдықтарды  жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға  және  көмуге  арналған  тарифтерді  бекіту туралы.
  7. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібі туралы.

 

 

Темір аудандық
мәслихатының төрағасы Б.Шаимов

 

Анықтама телефондары:  2-25-71, 2-21-59.

 

Объявление
Дата публикации
20 декабря 2023