Темір ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы  Экологиялық  кодексінің  365-бабы                                3-тармағының 2) және 3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару  және  өзін-өзі басқару туралы»  Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи  ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік  қағидаларын  бекіту  туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді  мемлекеттік  тіркеу  тізімінде  №24212 болып тіркелген) бұйрығына  және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 «Халық үшін қатты тұрмыстық  қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу  әдістемесін  бекіту  туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді  мемлекеттік  тіркеу  тізілімінде  №24382  болып тіркелген) бұйрығына  сәйкес,  Темір  аудандық   мәслихаты   ШЕШТІ:

  1. Темір ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.   
  2. Темір ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған  тарифтер                            2 – қосымшаға сәйкес  бекітілсін.
  3. «Темір ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» Темір аудандық мәслихатының 2023 жылғы  24  шілдедегі  № 65 шешімінің  күші  жойылды  деп  танылсын.
  4. Осы шешім оның алғашқы ресми  жарияланған  күнінен  кейін  күнтізбелік он  күн  өткен  соң  қолданысқа  енгізіледі.

 

 

Темір аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                        Б.Шаимов

Шешім
Дата публикации
28 ноября 2023