Темір ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимінің мөлшерлемесін төмендету туралы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 696–3–бабының                                5–тармағына сәйкес Темір аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Темір ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесін салық кезеңінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға дейін төмендетілсін.
  2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

 

 

Темір аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                        Б.Шаимов

Темір ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимінің мөлшерлемесін төмендету туралы
Дата публикации
09 октября 2023