Темір аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Темір аудандық мәслихаты  ШЕШТІ:

  1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Темір аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Темір аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                      Б.Шаимов

Шешім
Дата публикации
29 августа 2023