Темір ауданы тұрғындарының және аудандық мәслихаттың сегізінші сайланымының депутаттарының назарына!

Темір ауданы тұрғындарының және аудандық мәслихаттың сегізінші сайланымының депутаттарының назарына!

2023 жылғы 9 тамызда сағат 11:00-де  Темір аудандық мәслихатының сегізінші сайланымының  кезектен тыс жетінші сессиясы шақырылады.

Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:

1.Темір аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 287 «2023–2025 жылдарға арналған Жақсымай ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Баяндамашы: Жақсымай ауылдық округінің әкімі – Төлеуов Самат Еспағамбетұлы.

2.Темір аудандық мәслихатының 2022 жылғы  29  желтоқсандағы № 288  «2023– 2025 жылдарға арналған Кеңестуы   ауылдық округ  бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер  енгізу туралы

Баяндамашы: Кеңесту ауылдық округінің әкімі – Маясаров Жәнібек Айсаұлы.

3.Темір аудандық мәслихатының «2023 – 2025 жылдарға арналған Қайыңды ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 290 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Баяндамашы: Қайыңды ауылдық округінің әкімі – Рашев Раман Рауанұлы

4.Темір аудандық мәслихатының «2023 – 2025 жылдарға арналған Темір қаласы бюджетін бекіту туралы» 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 293 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Баяндамашы: Темір қаласының әкімі – Қоқанов Асқар Бисембайұлы.

5.Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2022 жылғы  29 желтоқсандағы № 294 «2023– 2025 жылдарға арналған Шұбарқұдық ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Баяндамашы: Шұбарқұдық ауылдық округінің әкімі – Нұралы Қайрат Мысырұлы.

Темір аудандық
мәслихатының төрағасы Б.Шаимов

Анықтама телефондары:  2-25-71, 2-21-59.

 

Дата публикации
04 августа 2023