2023 жылғы 24 шілдеде сағат 10:00-де Темір аудандық мәслихатының сегізінші сайланымының кезектен тыс алтыншы сессиясы шақырылады.
Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:
1. Темір аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 267 «2023-2025 жылдарға арналған Темір аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы.
Баяндамашы: аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы – Адаев Нұржан Адайұлы.
2. Темір ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы.
Хабарламашы: аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының м.а. Қожатілеу Асхат Алдабайұлы.
3. Темір ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы.
4. Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 243 «Темір аудандық құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
5. Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 8 маусымдағы № 24 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл жөніндегі аудандық комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
6. Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 24 сәуірдегі № 15 «Темір ауданының терроризмге қарсы комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.