«Темір аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы санаты Е–4, 1 бірлік, индекс 1-05

            «Темір аудандық мәслихатының аппараты» ММ, 030800, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Желтоқсан көшесі, 8,  анықтама үшін телефоны: 8(71346) 22571, факс: 8(71346) 22159, e-mail: zh.akhmetov@temirmaslihat.gov.kz, «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

            «Темір аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы санаты Е–4,  1 бірлік, индекс 1-05.

            Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты  195 548  теңгеден 224 624  теңгеге дейін.

            Функционалдық міндеттері: Аудандық мәслихат сессияларын дайындау және өткізу жөніндегі жұмысына қатысады: күн тәртібін жасақтау,  хаттамаларын талапқа сай жүргiзу және қол қоюға дайындау. Қабылданған шешімдер мен басқа да құжаттарды мәслихат депутаттарының, жергілікті атқару органдардың назарына жеткізуді қамтамасыз ету (тізім бойынша). Сессия шешімдерін жөндеу және рәсімдеуді қамтамасыз ету. Сессия хаттамаларын мұқабалауға және материалдарды мұрағатқа тапсыруға дайындау. Мәслихат бекіткен ведомствоаралық комиссия, кеңес құрамдарына уақытылы өзгерістер мен толықтыруларды енгізуін ұйымдастыру.

Мәслихаттың іс-қағаздар айналымын жүргізу. Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі (ЭҚАБЖ) және   мемлекеттік органдардың интранет порталы (МОИП) электронды-информациялық жүйелері арқылы түсетін құжаттарды тіркеу, орындаушыларға тарату, орындалуына бақылау жүргізу.

Аудандық мәслихат сессияларында қабылданған шешiмдерде берiлген тапсырмалардың есебін жүргізу, оларға бақылау жасау. Мәслихат аппаратына  мемлекеттік органдарынан келіп түскен  құжаттардың орындалуына бақылау жүргізу.

Кадрлар қызметі  бойынша есептерді тапсыру,  қадрлар қызметіне қатысты құжаттарды дайындау. Мәслихат аппаратындағы  конкурстық, мемлекеттік қызметшінің қызметін бағалау  комиссияларының жұмыстарын жүргізу, құжаттарын рәсімдеу. «Е-қызмет» жүйесі бойынша жұмыс жұргізу және осы жүйе арқылы дайындалатын  құжаттарды рәсімдеу.  Мәслихат аппараты қызметкерлерінің  жеке іс-  құжаттарын жүргізу.

Жеке және заңды тұлғалардан түскен  өтініштерін қабылдау, заңда белгіленген мерзімде қаралауын қамтамасыз ету,   олар бойынша есептерді жүргізу, тапсыру. Электрондық ресурстарға түскен азаматтардың жолданымы бойынша жұмысты жүргізу.

Мәслихаттың қызметіндегі құжаттарды, нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ сессиялар, мәжілістер, отырыстардың материалдарын мемлекеттік тілден орыс тіліне, орыс тілінен мемлекеттік тілге ауызша және жазбаша  аударымдарды  жүзеге асыру.

Мәслихат сессияларының, тұрақты комиссияларының жұмысы туралы, депутаттарының қызметтеріне  қатысты материалдарды дайындау және сайтқа  орналастыру.

Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесімен (ЭҚАБЖ),   мемлекеттік органдардың интранет порталы (МОИП) электронды-информациялық жүйелерімен жұмыс жасау.  «Темір  ауданының Құрметті азаматы» атағын беруге келісім   бойынша құжаттарын рәсімдеу.

Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының республикалық қоғамдық бірлестігіне байланысты құжаттарды дайындау.  /Блок «В»/

Дата публикации
23 мая 2023