«Темір аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы санаты Е–4, 1 бірлік, индекс 1-04

             «Темір аудандық мәслихатының аппараты» ММ, 030800, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Желтоқсан көшесі, 8,  анықтама үшін телефоны: 8(71346) 22571, факс: 8(71346) 22159, e-mail: zh.akhmetov@temirmaslihat.gov.kz, «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

            «Темір аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы санаты Е–4, 1 бірлік, индекс 1-04.

            Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты  195 548  теңгеден 224 624  теңгеге дейін.

            Функционалдық міндеттері: Мәслихаттың шешімдерін,  мәслихат хатшысы өкімдерін, тұрақты комиссияларының қаулыларын, атқарушы органдардың ұсынған шешімдері жобаларын және басқа да заңды сипаттағы құжаттардың қолданыстағы заң талаптарына сай екендігін және  олардың дұрыс ресімделуін тексеру.

Аудандық мәслихат сессияларын дайындау және өткізу жөніндегі жұмысына қатысады: сессия жұмысына   материалдар   (анықтамалар,  ақпараттар, есептер) жинау, сессияның күн тәртібіне енгізілген мәселелері бойынша шешім жобаларын заңда белгіленген тәртіппен әзірлеу, (комиссия мен кенестер туралы шешім жобаларынан басқа), әділет органдарына тіркелуге жататын  нормативтік құқықтық актілеріне қоса берілетін құжаттарды жинақтау, дайындау, рәсімдеу, олардың толықтығын қамтамасыз ету.

Қабылданған нормативтік құқықтық актілер бойынша  мониторинг жүргізу,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау шараларын  жүргізу.

Прокуратура, әділет органдарына  қабылданған нормативтік құқықтық актілер, шешімдер, өкімдер  бойынша  мәліметтер  жіберу. Жыл қорытындысы бойынша мәслихат хатшысының есебіне  мәліметтер дайындау.

Нормативтік құқықтық актілердің жобасын ашық НҚА-да уақытылы жариялауын, нормативтік құқықтық актілердің Әділет  органдарында   тіркелуін,   тіркелген  нормативтік құқықтық актілердің ресми жариялануын жүзеге асыру. Нормативтік құқықтық актілерді есепке алу.

Жеке және заңды тұлғалардан түскен  өтініштерін қабылдау, заңда белгіленген мерзімде қаралауын қамтамасыз ету,   олар бойынша есептерді жүргізу, тапсыру. Электрондық ресурстарға түскен азаматтардың жолданымы бойынша жұмысты жүргізу.

Мәслихат аппараты тәртіптік, конкурстық, еңбек өтілін есептеу туралы комиссияларының барлық құжаттарының заңға сәйкестігін тексеру және рәсімдеу.

Мәслихат аппаратының істер номенклатурасын, әскери міндеттілердің тізімін жасақтау.

Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесімен (ЭҚАБЖ),   мемлекеттік органдардың интранет порталы  жүйесімен жұмыс жасау.

«Құжаттардың бірінғай электронды архиві» ақпараттық жүйесі бойынша жұмыс жасау. /Блок «В»/

Дата публикации
23 мая 2023