Тестілеу немесе конкурс кезеңдерін өткізу кезінде жұмыс орнының талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында 360° форматта бейнешолу жүргізіледі.
360° форматтағы бейнешолу кезінде төмендегі талаптарды сақтау қажет:
📌 Жұмыс орнының барлық аумағын толық көрсету:
✅ Бейнешолу аяқталғаннан кейін смартфонды жұмыс орны толық көрінетіндей етіп орналастыру қажет.
Смартфон камерасының көрінісінде:
‼️ Маңызды!
Тестілеу немесе конкурс кезеңі толық аяқталғанға дейін смартфонның орналасқан жерін өзгертуге болмайды.
❌ бөгде адамдардың тестілеу немесе конкурс өткізу процесіне қатысуына;
❌ қосымша бейнекамераларды пайдалануға және орналастыруға.
Талаптарды сақтау тестілеу немесе конкурс кезеңін белгіленген тәртіппен өткізу үшін міндетті.
ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШҚЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» КІТАП ОҚУ МАРАФОНЫНА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ
Қазақстанда алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына тіркелу басталды. Жоба еліміздің барлық өңірінен қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттау мен оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ең ауқымды ұлттық бастамалардың біріне айналмақ.
Марафон 2026 жылғы қыркүйек айынан 2027 жылғы сәуірге дейін қазақ және орыс тілдеріндегі екі лигада өтеді. Жоба 7 бағытты қамтиды:
- «Кітап оқитын мектеп» — 6–10 сынып оқушылары;
- «Кітап оқитын колледж» — колледж студенттері;
- «Кітап оқитын университет» — жоғары оқу орындарының студенттері;
- «Кітап оқитын педагог» — мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары;
- «Кітап оқитын әулет» — отбасылық командалар;
- «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» — мемлекеттік қызметшілер;
- «Кітап оқитын зияткер» — жасына және қызмет саласына шектеу қойылмайтын барлық азаматтар.
Әр қатысушы өз бағыты бойынша арнайы іріктелген 330 кітаптан тұратын қордан 15 кітап оқуы қажет. Оның 165-і қазақ тілінде, 165-і орыс тілінде ұсынылған. Кітаптар тізіміне отандық авторлардың шығармалары, әлем классикасы және заманауи туындылар енді. Тізімді жасақтау кезінде жалпыұлттық дауыс беру қорытындысы бойынша «100 кітап» тізіміне енген шығармалар, сондай-ақ әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары жазған туындыларды қоса алғанда, әлемдік бестселлерлер де ескерілді.
Негізгі оқу кезеңі биыл қыркүйек айында басталып, 2027 жылғы наурызға дейін жалғасады. Осы уақытта қатысушылар кітаптарды оқып, жеке кабинетінде пікірлерін жариялап отырады. Ал 2027 жылғы наурыз–сәуір айларында қорытынды тестілеу мен зияткерлік квиздер өткізіледі.
Өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталады: 1-орын — 600 000 теңге; 2-орын — 450 000 теңге; 3-орын — 300 000 теңге.
Барлық финалист дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады.
«Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбековтің айтуынша, жобаның негізгі мақсаты байқаудың өзімен ғана шектелмейді.
«Бүгін біз «Кітап оқитын ұлт» алғашқы республикалық марафонына тіркелуді ашып, осылайша жасы, мамандығы мен қызығушылығы әртүрлі адамдарды кітап төңірегіне біріктіретін үлкен жалпыұлттық қозғалысқа жол ашып отырмыз.
Баршаңызды марафонға қатысуға шақырамын. Бірлесе отырып, кітап оқуды Қазақстандағы заманауи өмірдің маңызды құрамдас бөлігіне айналдыра аламыз деп сенемін. Сондай-ақ зерделі ұлттың — қуатты, білімді әрі ойлайтын ұлт екенін көрсете аламыз», — деді Бақытжан Тұрлыбеков.
Қатысу ережелері, бағыттар бойынша регламенттер және кітаптар тізімі жобаның ресми сайтында жарияланған: www.reading-nation.kz
Республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафонын жүзеге асыруға жобаның бірқатар маңызды серіктестері де атсалысуда. Қазақстан Жазушылар одағы, Креативті индустрияларды дамыту қоры, KITAP және «Яндекс Кітаптар» цифрлық платформалары оқу мәдениетін дамытуға, заманауи әдеби бастамаларды қолдауға және оқырмандардың кітаппен өзара байланысуына жаңа мүмкіндіктер жасауға ықпал етпек.
Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.
Текелі қалалық мәслихатының VIII шақырылымының кезектен тыс L сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 19-бабының 3-тармағына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Текелі қаласының әкімін тағайындауға келісім беру туралы.
Мәслихат төрағасы Б. Тугулбаев
Кездесу барысында әлеуметтік көмек, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, балаларға көмек көрсету, әлеуметтік қызмет көрсету, жұмыспен қамту бағдарламасы, жұмыссыздық мәселелері, тағы басқа әлеуметтік мәселелер талқыланды.
Текелі қалалық мәслихатының VIII шақырылымының әлеуметтік мәселелер бойынша тұрақты комиссиясының кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында «Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-ң ШЖҚ «Текелі қалалық ауруханасы» МКК денсаулық сақтау саласының мәселелері қаралды.
Күн тәртібі:
Жетісу облысы Текелі қалалық мәслихатының округтік және учаскелік
сайлау комиссиялары құрамынан шығып кеткен мүшелерінің бос орындарына конкурс өткізу туралы
ХАБАРЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Текелі қалалық мәслихаты округтік және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің бос орындарына конкурс өткізу туралы хабарлайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2025 жылғы 5 желтоқсанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;
2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2025 жылғы 5 желтоқсанға дейін дүйсенбі - жұма күндері 08:00-17:30 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 12:30-дан 14:00-ге дейін жүзеге асырылады.
Текелі қалалық мәслихаты
Текелі қалалық мәслихатының төрағасы – Б.Е. Тугулбаев.
Мәслихаттың орналасқан жері: Текелі қаласы, Абылай хан көшесі, 34, № 49 каб.
Жауапты тұлғалар – Асет Балтабекович Рахимжанов, байланыс телефондарының нөмірі: 87002569625, 87283542656, Индира Нусипжановна Какенова, байланыс телефондарының нөмірі: 87477803045, электрондық пошта: tekeli_maslihat@mail.ru.
|
№ |
Сайлау учаскесі, № |
Сайлау учаскесі объектісінің (дауыс беруге арналған үй-жайдың) атауы |
Сайлау учаскесінің орналасқан жерінің мекенжайы |
Бос орындар саны |
||
|
Елді мекен |
Көше |
Үй |
||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
1 |
№3 Абай сайлау округінің округтік сайлау комиссиясы |
«Жетісу облысы білім басқармасының Текелі қаласы бойынша білім бөлімі» ММ «№7 орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» КММ ғимараты |
Текелі қ., Рудничный а. о. |
Бейбітшілік |
58 |
1 |
|
2 |
№5 Қазақстан сайлау округінің округтік сайлау комиссиясы |
«Жетісу облысы білім басқармасының Текелі қаласы бойынша білім бөлімі» ММ «№5 орта мектеп» КММ ғимараты |
Текелі қ. |
Тәуелсіздік |
23 |
1 |
|
3 |
№7 Первомай сайлау округінің округтік сайлау комиссиясы |
«Жетісу облысы білім басқармасының Текелі қаласы бойынша білім бөлімі» ММ «№3 орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» КММ ғимараты |
Текелі қ. |
Әуезов |
1 |
1 |
|
4 |
№ 441 учаскелік сайлау комиссиясы |
"Алма Дария" ШҚ сүт өңдеу цехы ғимараты |
Текелі қ. |
Д. Қонаев |
299 |
1 |
|
5 |
№ 442 учаскелік сайлау комиссиясы |
«Жетісу облысы білім басқармасының Текелі қаласы бойынша білім бөлімі» ММ «№1 орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» КММ ғимараты |
Текелі қ. |
Қ. Сәтбаев |
50 |
2 |
|
6 |
№ 443 учаскелік сайлау комиссиясы |
"Каскад" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің әкімшілік ғимараты |
Текелі қ. |
Д. Қонаев |
198 |
2 |
|
7 |
№ 445 учаскелік сайлау комиссиясы |
«Жетісу облысы білім басқармасының Текелі қаласы бойынша білім бөлімі» ММ «№8 орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» КММ ғимараты |
Текелі қ. |
Жеңіс |
10 |
3 |
|
8 |
№ 446 учаскелік сайлау комиссиясы |
«Жетісу облысы білім басқармасының Текелі қаласы бойынша білім бөлімі» ММ «№5 орта мектеп» КММ ғимараты |
Текелі қ. |
Тәуелсіздік |
23 |
3 |
|
9 |
№ 447 учаскелік сайлау комиссиясы |
"Текелі қаласы әкімінің қалалық мәдениет үйі" МКҚК ғимараты |
Текелі қ. |
Тәуелсіздік |
11 |
1 |
|
10 |
№ 448 учаскелік сайлау комиссиясы |
«Жетісу облысы білім басқармасының Текелі қаласы бойынша білім бөлімі» ММ «№3 орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» КММ ғимараты |
Текелі қ. |
Әуезов |
1 |
2 |
|
11 |
№ 449 учаскелік сайлау комиссиясы |
«Жетісу облысы білім басқармасының Текелі қаласы бойынша білім бөлімі» ММ «№6 орта мектебі» КММ ғимараты |
Текелі қ. |
Достық |
31 |
2 |
|
12 |
№ 451 учаскелік сайлау комиссиясы |
"Текелі Су Құбыры" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ғимараты |
Текелі қ. |
Күншығыс |
132 |
1 |
|
13 |
№ 454 учаскелік сайлау комиссиясы |
"Шапағат "Текелі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ ғимараты |
Текелі қ. |
Стадионная |
41 |
1 |
|
14 |
№ 456 учаскелік сайлау комиссиясы |
«Жетісу облысы білім басқармасының Текелі қаласы бойынша білім бөлімі» ММ «№7 орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» КММ ғимараты |
Текелі қ., Рудничный а. о. |
Бейбітшілік |
58 |
1 |
|
15 |
№ 457 учаскелік сайлау комиссиясы |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының" Көк-су " шекара бөлімшесінің ғимараты |
Текелі қ., Рудничный а. о. |
А. Молдағұлова |
1 |
3 |
|
16 |
№ 458 учаскелік сайлау комиссиясы |
"Жетісу облысының полиция департаменті Текелі қаласының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесінің уақытша ұстау изоляторы |
Текелі қ. |
Қонаев |
104 |
3 |
Текелі қалалық мәслихаты
Нысан
_____________________________________________________
(мәслихаттың толық атауы)
төрағасына ________________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
_______________________________________________тұратын
(облыс, Астана қ, Алматы қ, Шымкент қ,
_________________________________________________________
аудан, елді мекен, көше, үй, пәтер)
______________________________________________________
(ұялы телефондардың нөмірлері)
Өтініш
Мен,__________________________________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
______________________________________________________________________
(саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, жоғары тұрған сайлау комиссиясының атауы)
ұсынылған Қазақстан Республикасының азаматы, №_________округтік/ учаскелік сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға өз келісімімді беремін.
Сайлау органдарында жұмыс тәжірибем бар __________________________________
( иә, ___ жыл/ жоқ)
Өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығым жоқ.
Саяси мемлекеттік қызметші лауазымын атқармаймын.
Мен Парламент, мәслихат депутаты, әкім, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі немесе Қазақстан Республикасы соттарының судьясы емеспін.
Уәкілетті органдарға заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығымның, iс-әрекетке қабiлетсiз, iс-әрекетке қабiлетi шектеулi екенімді тану туралы сот шешімінің жоқтығы мәніне сауалдар жіберу үшін менің ЖСН-ді пайдалануға келісімімді беремін.
2025 жылғы «____»____________ _________________________
(өтініш берушінің қолы)
Өмірбаяндық деректер:
Туған күні 19 _____ жылғы «____» _______________
Жеке сәйкестендіру номері (ЖСН) _____________________________________________________
Ұлты* _______________________________
Партиядағы мүшелігі * _______________________________________________________________
Білімі _____________________________________________________________________________
Мамандығы _________________________________________________________________________
Жұмыс орны немесе кәсіп түрі __________________________________________________________
Атқаратын қызметі ____________________________________________________________________
Жеке куәліктің деректері _____________________________________________________________
(куәлік нөмірі, қашан және кім берген)
Комиссия құрамын қалыптастыратын мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын 18 жастан асқан жақын туыстарым туралы мәліметтерді қоса тіркеймін**.
Ескертпе:
* Қазақстан Республикасы Конституциясының 19-бабы 1-тармағына сәйкес ұлты мен қай партияға жататыны кандидаттың қалауы бойынша көрсетіледі.
** Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға інілері мен апа-сіңілілері, қарындастары, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Өтінішке қосымша
Жақын туыстары туралы мәліметтер __________________________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
|
р/б |
Жақын туысқандарының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) |
ескертпе |
|
|
|
әкесі |
|
|
|
анасы |
|
|
|
ұлы |
|
|
|
қызы |
|
|
|
ағасы |
|
|
|
әпкесі |
|
|
|
атасы |
|
|
|
әжесі |
|
|
|
немересі |
|
|
|
жұбайы (зайыбы) |